Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақтап шықты. Оған бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылған болатын. Бүгін Судья Жанат Егембердиева жаңа үкімді оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz

Экс энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа мен «ТКШ дамыту қоры» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Қайсар Байдалы мен «ENERСО» компаниясының директоры Ерлан Нәбиевке қатысты үкімнің жариялануы үш сағаттан астам уақытқа созылды. Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жанат Егембердиева 115 томды құрайтын іс материалдарын оқып берді.
Қылмыстық іс материалдарын зерделеп, сотталушылардан, жәбірленушілердің өкілдерінен, айыптау куәгерлерінен, сондай-ақ қорғаушылардан, сарапшылардан, мамандардан жауап алып, сот сотталушылардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ деген қорытындыға келді.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы айыптау актісінде қылмыстық әрекет жасау тәсілін, атап айтқанда: ұрлау қалай жасалғанын – иемденіп алу немесе жымқыру арқылы екенін көрсетпеді. Іс бойынша жүргізілген, іс бойынша келтірілген залал сомасын болжамды растайтын сараптамаларды сот оларды жүргізу тәртібінің елеулі бұзылуына, сараптамалардың, сарапшылардың, сондай-ақ мамандардың қорытындысына байланысты жол берілмейтін дәлелдеме деп таныды. Олар шындыққа жанаспады және олар келтірілген шығын мөлшерін растамады. Айыпталушылар арасындағы қылмыстық қастандық фактісі сот тергеуімен расталған жоқ. Сот талқылауы барысында сотталушылардың кінәлілігі туралы жеткілікті және бұлтартпас дәлелдер алынған жоқ. Іс бойынша жүргізілген тергеу әрекеттерінде кінәліліктің дәлелі жоқ. Жауап алынған куәгерлер сотталушылардың кінәсін тікелей немесе жанама түрде растамады», деп түсіндірді Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жанат Егембердиева.
Сондай-ақ, судья сот тергеуінде залал сомасы анықталмағанын атап өтті. Бұл қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Ақталғандар тергеу органдарына талап арыз беріп, заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны үшін моральдық зиянның өтелуін талап етуге құқылы.
Жанат Егембердиева осы қылмыстық істі тергеу кезінде ҚІЖК нормаларының бұзылуына жол бергені үшін Бас прокуратураға қаулы шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2018 жылдың 18 қарашасында қамауға алынды. Оған және тағы екі күдіктіге «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысының Саран қаласында жылу есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға бөлген қаражатын жымқырды деп айып тағылған болатын.
Руханият • Кеше
Демографиялық дүмпу: Себеп не, болжам қандай?
Қоғам • Кеше
Синтетикалық есірткі таратқан алты дүкеннің жолы кесілді
Аймақтар • Кеше
QR-төлемдер ХҚКО-дағы кезек санын азайта ма?
Бағдарламалар • Кеше
Оқиға • Кеше
Жаңа Зеландияда Қазақстанның консулдығы ашылды
Оқиға • Кеше
Коронавирустың жаңа түрі анықталды
Әлем • Кеше
Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
ҚТЖ жұмысшыларының жемқорлығы үшін басшылығы жауапқа тартылды
Қазақстан • Кеше
Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады?
Экономика • Кеше
Таразда танымал түлектердің кездесуі өтті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жолда қалған 63 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 169 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Француз бизнесі алматылықтармен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Қазақстан • Кеше
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуға көмектесті
Аймақтар • Кеше
Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Елбасы • Кеше
Ақмолада «Екатеринбург-Алматы» тас жолы ашылды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда жылу жүйесі қатып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жаңа кен орны табылды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті
Аймақтар • Кеше
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне - 25 жыл
Экология • Кеше
Ел қорғаған ердің есімі жаңғырды
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
2020 жылы қанша мүгедек жан жұмыс тапты?
Қоғам • Кеше
«Сасыған сай» бойынша экологиялық мәселе осы жазда шешіледі
Экология • Кеше
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын қалай арттырамыз?
Қоғам • Кеше
Сенаторлар ұлттық мүддені қорғау туралы түзетуді қабылдады
Парламент • Кеше
2021 жылы көлік сатылымы былтырдан да асып түсе ме?
Экономика • Кеше
Екібастұзда қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды
Руханият • Кеше
Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?
Экономика • Кеше
Бүгін елордада мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар