19 Желтоқсан, 2013

Жансая – тағы да жеңімпаз!

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-Жансая-3Чехияда BRNO OPEN-2013 халықаралық турнирінде Қазақстанның жас талантты шахматшы қызы Жансая Әбдімәлік жеңімпаз атанды.

20 жасқа дейінгі қыздар арасынан әлемнің вице-чемпионы деген атағы бар қызымыз турнирде 7,5 ұпай жинады. Ол осының нәтижесінде әлемнің 14 елінен 70-ке жуық спортшының арасынан үздік шықты. Бұлардың арасында 6 халықаралық дәрежедегі және 5 ФИДЕ шебері болды.

Жарыста мүмкін болған 9 ұпай­­дың 7,5-ін иеленген Жансая, соны­мен бірге, тағы бір нормативті де орындады. Осы көрсеткіші ар­қылы ол енді ересек әйелдер арасында грос­смейстер атануға мүмкіндік алды.

– Менің әйелдер арасында әлем чемпионы атанғым келеді. Қазіргі уақытта мен өзімді жеңіске дайындап жүрмін. Жасым 15-ке толғанша оны бағындырсам деймін, – дейді ол.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Соңғы жаңалықтар