«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті С.Абдрахмановқа
Айыртау – Үкілі Ыбырай, Ақан сері секілді дүлдүл әншілер, Кәкімбек Салықов сияқты көрнекті қаламгер туған киелі мекен. Биылғы жылды айыртаулықтар табысты қорытындылады. Елбасы тапсырмалары ойдағыдай орындалды. Астықты аймақ елімізді мол астықпен қуантты.
Біздің ауданның тұрғындары үшін Отанымыздың бас газеті – «Егемен Қазақстанның» орны бөлек. Жыл өткен сайын оның жазылушылары көбейіп келеді. Келер жыл үшін қатарымыз 700-ге тарта тұрақты оқырманмен толықты.
Ағзам ТАСТЕМІРОВ,
Айыртау ауданының әкімі.
Солтүстік Қазақстан облысы.