Оның ішінде 18-і киік дериваттарын заңсыз қолдану бойынша және 5-і сирек кездесетін жануарлар (арқар, қарақұйрық) түрінің заңсыз аулануына байланысты істер.
Комитеттің бағынысты ведомствосы - "Охотзоопром ӨБ" инспекторлары мұндай браконьерлік фактілердің алдын алу үшін үздіксіз тексерістер жүргізетінін атап айтқанымыз жөн.
Ескере кету керек, мұндай қылмыстар ҚР ҚК-нің 337 "Заңсыз аң аулау, оның ішінде атыс, пневматикалық, лақтырылатын, суық қаруды, аулау құралдарының басқа да түрлерін қолдану" бабына сәйкес 3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салумен немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен жазаланады.
Браконьерліктің жоспарланған немесе жасалған фактісі туралы ақпарат болған жағдайда Комитеттің 8-777-678-52-52 жедел желі телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.