Видео • 27 Қаңтар, 2021

Ақтауда буынсыз бала тұрады

1449 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел ішінде қайталанбас, ерекше қабілеті бар баланың бірі - Азамат Нұрқожа. 13 жастағы өнерпазды  "пластилин-бала" деп те атайды. Бұл туралы Ақтау қалалық әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Азамат балқыған темірдей кез-келген қалыпқа оңай түсіп, түрлі  бағытта бүгіле алады. Осы өнері арқылы киноға да шақыру алған.

Ақтауда буынсыз бала тұрады

13 жастағы Азамат Нұрқожа Ақтаудағы №8 мектепте білім алуда. Анасының айтуынша, балақайдың өнерін үш жасында байқаған. Осы жасында бүлдіршін шпагатқа отырып, бес жасында аяғын мойнына асып қойып жүріпті.

"Түнде кейде бұралып ұйықтай береді. Алғашында үрейленіп,  кейін бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, туыстарға жіберетін болдық. Біраз жарыстарға да қатысып, таныла да бастады. Азамат ең алғаш 7 жасында “Баланың бәрі талантты” бағдарласына қатысқаны үшін "Маңғыстау” телеарнасының басшысынан алғыс хат алған болатын”- дейді Азаматтың анасы Байбозова Жанна.

Мектеп директоры Исжанова Аселханның айтуынша: "Азаматтың сабақ үлгерімі жақсы, барлық сабақтарға белсенді және өзін әрдайым ізденіс үстендегі оқушы екенін көрсетіп отырады.

1

Атап айтатын болсақ Азамат таланты мен тәрбиені қатар алып жүрген оқушы. Үйдегі ата-ана тәрбиесі бала үшін маңызды. Сондықтан Азаматтың бойынан талантынан бөлек тәрбие мен сабаққа деген ынтасын көруге болады” - дейді.

“Оркестр мүшесі болып жоғары жетістіктерге жеткім келеді. Буынсыз бала ретінде маған көп шақыртулар келді. Бірақ мен домбыра құлағында ойнап жоғарғы деңгейдегі күйші болғым келеді”- дейді өнерпаз.

52

Азамат осыған дейін біраз жетістікке жеткен:

2018 жылы "Балапан" телеарнасында "Дара бала" тележобасының қатысушысы; Республикалық "Қазақстан таланттары" байқауында дипломант; Халықаралық "Бала шабыты" байқауында II орын; "Ұлы дала ұрпағымыз" жарысында лауреат; "Таңғы шұғыла" байқауында "буынсыз бала" номинациясының I орын иегері; Халықаралық "Звезда удачи" додасының I орын жүлдегері.