Бұл жаңа зиянды бағдарламалардан (вирустардан) болатын қауіптің алдын алуға бағытталған. Қазіргі уақытта tLab 113 666 файлды әрекеттілігі деңгейінде сәтті талдады.
TLab технологиясы вирус жұқтырған компьютерлерде бұрыннан белгілі вирусты іздеудің орнына, жаңа және белгісіз вирустарды анықтау және бұғаттау үшін жасалған. Өнім пошта трафигі файлдарын Mail Transfer Agent арқылы тексереді.
Осылайша, 2020 жылғы желтоқсанда зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ қызметкерінің корпоративтік поштасына жіберілді. Зиянды объект сигнатуралық деңгейде вирусқа қарсы бағдарламалық қамсыздандырумен сәйкестендірілмеді, бірақ tLab жүйесі мен T&T Security вирустық зертханасының (жүйе өндірушісі) көмегімен қатерді талдау мен бағалаудан кейін бұл пайдаланушының құпия деректерін жинауға бағытталған тыңшылық бағдарламалық қамсыздандыру екенін білуге мүмкіндік туды.
Сонымен қатар анықталған қауіп «нөлдік күн» санатына жататыны белгілі болды, яғни жасалған күні шабуыл жасалған күнге сәйкес келеді.