Хоккей • 28 Қаңтар, 2021

«Трактордан» жеңілді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) төрт ойын­ға созылған жеңісті жолын жал­ғас­тыра алмады. Кезекті тур ойынын елор­дадағы «Барыс-Аренада» өт­кіз­ген жер­лестеріміз Челябінің «Тра­кто­рынан» жеңіліп қалды.

«Трактордан» жеңілді

Кездесудің алғашқы 20 минуты өте тартысты өткенімен, айдын иелеріне қарағанда қонақтар алғашқы кезеңде басым болды. Нәтижесінде, 11-минутта Алексей Бывальцев «Барыс» қақпасын дәл көздеді. Екінші кезеңнің орта тұсында Егор Петухов (32-минут) есепті теңестірді. Бірақ қазақстандық жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. Арада екі минут өткенде қонақтар қақпамызға қатарынан екі шайба соғып, таблодағы көрсеткішті 3:1-ге жеткізді. 33-минутта Сергей Калинин «Тракторды» есепте қайта алға шығарса, 34-минутта Виталий Кравцов командасының үшінші шайбасын соқты.

Үшінші кезеңде «Барыс» есеп айырмасын тағы да қысқартқанымен, қарсыластарынан жеңісті жұлып алуға шамасы жетпеді. «Барыс­тың» ойындағы соңғы голын 52-минутта Валерий Орехов салды. Қорытынды есеп – 2:3.

Елордалық клуб өзінің келесі кездесуін бүгін Нижнекамскінің «Нефтехимигімен» өткізеді.