Жаңа зауыт алдағы сәуір айынан бастап өзінің өндірістік толық қуатына шығады екен. Яғни кәсіпорын жылына Yutong маркалы 1 200 автобус пен 400 бірлік арнайы техника мен арнайы көлік шығаруды жоспарлап отыр. Кәсіпорын басшысы, «QazTehna» ЖШС директоры Арғұлан Майконов зауыттың қазірдің өзінде тапсырыспен қамтамасыз етілгенін айтады.
– Маңызды жоба жоспардағы кестеге сай жүзеге асырылуда. Қазір екінші цехты қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілу үстінде. Оны осы жылдың сәуір айында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сонда 600-ге жуық автобус шығарып, өткізу ойда бар. Зауыт осындай көлемді игере алады, – деп атап өтті А.Майконов.
Кәсіпорын күшіне мінген уақытта ондағы жұмысшылар саны 1 мыңның шамасында болады деген болжам бар.
Қарағанды облысы,
Саран қаласы