Әлем • 28 Қаңтар, 2021

Гонконг тұрғындары – үйқамақта

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гонконгта мың­­­даған адам ви­рус­тың өршуін тоқт­а­туға ба­ғытталған қатаң қауіп­сіздік шаралары кезін­де үйлерінен шы­ға алмай қалды. Билік сенбіде 16 ғима­­рат­ты қала аудандарының бірін жауып тастады. Тұрғындар жаппай вирусқа тексеріл­мейінше үйлерінде отыруға мәжбүр.

Гонконг тұрғындары – үйқамақта

Қалада қараша айынан бері 4300-ден астам адамның вирус жұқтырғаны анықталған. Өткен аптада індет жұқтыр­ған науқастардың жартысы – қаланың жұмысшылары тұратын  Яу Цим Монг ауданының тұрғындары болған. Мамандар осы аймақтағы ағынды су сынамасынан вирус іздерін анықтаған екен. Бұл – нашар салынған су жүйелері мен жекелеген бөлімшелерде желдетудің болмауының салдары.

2003 жылы Гонконгте SARS індеті кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) техникалық талдауы вирус сапасыз су құбырлары арқылы тарауы мүмкін деген тұжы­рым жасаған. Қаланың кедей аудан­дарының бірінде вирустың өршуіне осы себеп болуы мүмкін деп ұйғарған мамандар аумақтағы үйлерді толығымен жауып тастады. Тест нәти­жесін алмайынша, тұрғындар сыртқа шыға алмайды.

Ал пандемияның бастапқы кезінде Гонконг билігі локдаун секілді қатаң қауіпсіздік шараларын енгізуден бас тартқан-ды.