Ұзындығы 89 шақырым болатын «Ақтөбе-Қандыағаш» тасжолын қайта жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлер анықталды. Мердігерлер жұмысты биылғы сәуірдің ортасынан, яғни қар кетіп, жер құрғаған мезгілден бастап, жұмысты толығымен 2023 жылдың қарашасында аяқтамақшы, деп хабарлайды Egemen.kz

24 қарашада өткізілген тендер қорытындысы бойынша оның жобалық құны – 39,8 млрд теңге белгіленіп, жол жөндеу жұмыстары екіге бөлінгенін Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашев хабарлады. Облыс орталығы мен Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағашты байланыстыратын күрежолды қайта құрылымдау жұмыстарының бас мердігерлері – «Сине Мидас строй» мен «Todini costruzioni generali S.p.A» компаниялары. Соңғысының бас кеңсесі Түркияда тіркелген. Жол жобасының екінші бөлігі – 52 км-ден 100 км аралығын (Қандыағаш қаласына кіретін) «Ақ жол құрылыс» ЖШС-і, әзірбайжандық «AzVirt» компаниясы және ақтөбелік «Ассана-ДорСтрой» ЖШС-і салатын болды. Оның жобалық-сметалық құны – 22,8 млрд теңге деп бекітілді.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақтөбелік филиалының жетекшісі Қазыбек Мәмбетовтың хабарлауынша, қазір осы жобаға бекітілген мердігер компаниялар жол бөліктерін қайта қырып, құрылысқа қажетті материалдарды сатып алу жұмыстарына кіріскен. Қайта салына бастаған жолдың асфальтбетон жамылғысы үш қабатты болып, ең жоғарғы жамылғысы қиыршық тасты –мастикалық асфальтпен бекітіледі. Ақырғы нәтиже –бір жағынан облысаралық маңызды жолдармен жалғастыратын, екінші жағынан өңірдегі мұнай кеніштерімен байланыстыратын осы күре жол төртжолақты болып өзгеріп, бірінші техникалық санатқа енгізіледі. Алға ауданының орталығы – Алға мен Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қалаларының дәл ортасынан өтетін бағыты сәл өзгертіліп, қосымша айналма жолдар салынып, жол бойы бірнеше шағын көпір тұрғызылады. Көпір құрылыстарына басқа субмердігер компаниялар қатыстырылады.
Жол салынған кезде бірнеше жұмыс орындары ашылып, соның ішінде 1000 ақтөбелікті жұмсқа тарту жоспарланған. Сондай-ақ жергілікті тігін цехтарына арнаулы жұмыс киімдерін тігуге тапсырыс берілсе, жұмысшыларды азық-түлікпен жергілікті тауар өндірушілер жабдықтамақшы.
Күре жолдың сапалы салынуын мониторингтік топтар мен өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобаларын іске асырушы «Adaldyq Alańy» жобалық кеңсесі үш жыл бойы бақылауда ұстайтын болады.
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар