Қарағандыдағы кеншілер мәдениет сарайы жанындағы «Шабыт» эстрадалық вокал үйірмесінің мүшесі Асылайым үшін бұл алғашқы жетістік емес. Өнерлі бүлдіршін бұған дейін де руспубликалық және халықаралық конкурстарға қатысып, бірнеше мәрте лауреат атанған.
Алматыда өткен байқауда қарағандылық әнші қыз Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем саған туған ел» әнін орындап, қазылар алқасының ықыласына бөленді.
Сонымен бірге, Асылайым Болатқызының ұстазы, «Шабыт» эстрадалық вокал үйірмесінің жетекшісі Ерболат Маханбет аталған конкурстың жабылу салтанатында қазақ өнерінің дамуына үлес қосқаны және үздік шәкірт даярлағаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.