Басылымның хабарлауынша, компания былтыр 583 313 көлік сатқан. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Дегенмен, алдыңғы жылғы желтоқсанмен салыстырғанда былтырғы желтоқсанда сауданың 12 пайыз азайғаны байқалады.
Айта кетейік, 2008 жылы Үндістанның Tata компаниясы тарапынан сатып алынған автоконцерн сол кезден бастап нарықтағы өз үлесін еселеп арттыра бастады. Соның ішінде автокөліктер Қытай мен Бразилияда өтімді болып тұрғаны айтылады.