Өткен жылы электронды еңбек биржасында 925 мың бос жұмыс орны орналастырылды, бұл 2019 жылғы (831 мың) көрсеткіштен 11% артық. Бұл ретте өткен жылы білікті қызметкерлерге арналған 600 мың бос жұмыс орны болды. 2019 жылы білікті еңбекке деген қажеттілік 590 мыңды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Орналастырылған түйіндемелердің саны 2020 жылы 630 мың болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10% артық (2019 жылы – 570 мың). Орналастырылған бос жұмыс орындарының 367 мыңы білікті еңбекті қажет етеді (2019 жылы - 359 мың).
«Өткен жылы ел бойынша бос жұмыс орындары түйіндемелерге қарағанда орта есеппен 300 мыңға жуық артық болды. Оның 233 мыңға жуығы – білікті еңбекті қажет ететін бос жұмыс орындары. Алайда, өңірлер тұрғысынан Қызылорда, Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында түйіндемелердің саны бос жұмыс орындарының санынан сәл асып кеткенін атап өтуге болады», деп хабарлады «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.
Экономика салалары бойынша бос жұмыс орындарының ең көп саны (185,8 мың) құрылыс секторында болды. Бұдан басқа, білім (139 мың бос жұмыс орны), сауда (88 мың), ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау (73 мыңнан) салаларында, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде (71 мың) үлкен қажеттілік байқалды. 2020 жылы білікті жұмысшылар арасында ең сұранысқа ие - орта мектеп мұғалімдері, құрылысшылар-монтажшылар, сондай-ақ жеңіл автомобильдер мен такси жүргізушілері болды.
«ТОП-3-те Қостанай облысынан, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан басқа өңірлер бөлінісінде орта мектеп мұғалімдері атап өтілді. Монтажшы-құрылысшылар бойынша да ұқсас жағдай –Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ғана оларға сұраныс жоқ. Сонымен қатар, өңірлерде жеңіл автокөліктердің жүргізушілері, бойлер мен бу машиналарының операторлары, дүкендердегі супервайзерлер мен сатушылар, сондай-ақ күтім көрсетуші орта медициналық персонал сұранысқа ие», дейді Дмитрий Шумеков.
Сонымен бірге жарияланған түйіндемелердің көп бөлігінің орта мектеп мұғалімдеріне, монтажшы-құрылысшыларға және ұқсас жұмысшыларға, жеңіл автокөлік жүргізушілеріне, бойлер мен бу машиналарының операторларына, супервайзерлер мен дүкендердегі сатушыларға, сондай-ақ күтім көрсетуші орта медициналық персоналға қатысты болуы осы мамандықтар бойынша тапшылықтың болуы жағдайын өзгертпейді.
Осылайша, түйіндемелер санынан бос орындар санының жиынтық артуы құрылыс саласында едәуір байқалады және құрылысшы-монтажшылар бойынша – 16,8 мың бірлікті, дәнекерлеушілер мен газ кескіштер бойынша – 9,7 мың бірлікті, бетоншылар бойынша – 6,3 мың бірлікті, кран, көтергіш операторлары мен ұқсас құрылымдардың оператолары бойынша – 5,8 мың бірлікті құрады.
Сонымен қатар еңбек нарығындағы тапшы мамандықтарға орта мектеп мұғалімдері (бос орындар саны түйіндемеге қарағанда 9,3 мыңға көп), сатушылар (8,9 мыңға), күзетшілер (8,5 мыңға), сондай-ақ күтім көрсетуші орта медициналық персонал (7,7 мыңға) жатады.
Өз кезегінде, еңбек нарығында заңгерлер (5,8 мың бірлікке артық), кең бейінді офис қызметкерлері (3 мың), қаржы мәселелері жөніндегі консультанттар (1,8 мың), талдаушылар мен зерттеушілер (1,7 мың) артық болып отыр.
Бұдан басқа, 2020 жылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кәсіпқой мамандардың (2,3 мың), өнеркәсіп пен өндірістегі техниктердің (1,8 мың), техник-электрониктердің (1,8 мың), сондай-ақ құрылысшылардың бригадирлерінің (1,6 мың) артық саны қалыптасқан.
Руханият • Кеше
Демографиялық дүмпу: Себеп не, болжам қандай?
Қоғам • Кеше
Синтетикалық есірткі таратқан алты дүкеннің жолы кесілді
Аймақтар • Кеше
QR-төлемдер ХҚКО-дағы кезек санын азайта ма?
Бағдарламалар • Кеше
Оқиға • Кеше
Жаңа Зеландияда Қазақстанның консулдығы ашылды
Оқиға • Кеше
Коронавирустың жаңа түрі анықталды
Әлем • Кеше
Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
ҚТЖ жұмысшыларының жемқорлығы үшін басшылығы жауапқа тартылды
Қазақстан • Кеше
Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады?
Экономика • Кеше
Таразда танымал түлектердің кездесуі өтті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жолда қалған 63 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 169 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Француз бизнесі алматылықтармен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Қазақстан • Кеше
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуға көмектесті
Аймақтар • Кеше
Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Елбасы • Кеше
Ақмолада «Екатеринбург-Алматы» тас жолы ашылды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда жылу жүйесі қатып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жаңа кен орны табылды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті
Аймақтар • Кеше
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне - 25 жыл
Экология • Кеше
Ел қорғаған ердің есімі жаңғырды
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
2020 жылы қанша мүгедек жан жұмыс тапты?
Қоғам • Кеше
«Сасыған сай» бойынша экологиялық мәселе осы жазда шешіледі
Экология • Кеше
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын қалай арттырамыз?
Қоғам • Кеше
Сенаторлар ұлттық мүддені қорғау туралы түзетуді қабылдады
Парламент • Кеше
2021 жылы көлік сатылымы былтырдан да асып түсе ме?
Экономика • Кеше
Екібастұзда қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды
Руханият • Кеше
Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?
Экономика • Кеше
Бүгін елордада мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар