Елорда • 28 Қаңтар, 2021

Елорда әкімдігінің әлеуметтік орталықтары тұрғындармен өзара байланысты күшейтті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік орталықтары тұрғындармен өзара байланысты және қала тұрғындарының өтініштеріне жедел жауап беруді күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Елорда әкімдігінің әлеуметтік орталықтары тұрғындармен өзара байланысты күшейтті

2019 жылдың жазынан бастап елордада «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында құрылған «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік, 14) жұмыс істейді. Аталған орталықта елордалық отбасыларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Тұрғындар «бір терезе» қағидаты бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет ала алады.

Орталық сондай-ақ АӘК алу, білім алу, өз кәсібін ашу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жсекілді мәселелер бойынша кеңес береді. Ашылған сәттен бастап орталыққа 45 мыңнан астам қала тұрғыны жүгініп, 65 мыңға жуық мәселе қаралды.

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында заңгерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Мұнда аналарға арналған «Кәсіпкер ана» жеке бизнесін дамыту бойынша қолдау орталығы жұмыс істейді. Мекемеде барлық жағдай жасалған: ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған лифтілер, сондай-ақ орталық қызметкерлері бас-көз болатын балаларға арналған ойын алаңы бар.

Әкімнің азаматтарды қабылдауында көтерілген мәселелердің басым бөлігі - тұрғын үй және тұрғын үй бағдарламаларына қатысу жөнінде. Осылайша, 2020 жылдың күзінде елордада тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды (Республика даңғылы, 32). Аталған орталықта тұрғын үй кезегінің нөмірі, кезекке қалай тұру керектігі, түрлі тұрғын үй бағдарламаларының тетіктері секілді сауалдарға жауап алуға болады. Орталық ашылған алғашқы үш айда 15 мың адам жүгінген болатын.