Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021

ШҚО-да аудан орталықтары ажарланады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда аудан орталықтарын дамытуға бағытталған бағдарлама әзірленеді, деп хабарлайды Egemen.kz

ШҚО-да аудан орталықтары ажарланады

Облыс әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанның аудан орталықтарын дамытуға көңіл бөлу керектігін айтты.

«Әр аудан орталығына тән жоспар әзірленуі тиіс. Алайда, бассейн мен аурухана салып, бағдарламаның сәтті жүзеге асырылып жатқандығы туралы есеп берудің қажеті жоқ. Ең дұрысы, тұрғындарының пікірін тыңдап, халыққа не қажет екендігін анықтаған жөн», деді Д.Ахметов. Тоғыз аудан орталығының бесеуі шекаралық аудандарды дамыту бағдарламасына енгенін атап өткен жөн. Қалғандары үшін нақты жоспар жасалмақ.

Шығыс Қазақстан облысы