2013 жылғы 24 қазан Астана, Үкімет Үйі
«Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 720 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
2013 жылғы 24 қазан Астана, Үкімет Үйі
«Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 720 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 720 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 578-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалар жатқан аландарда кұрылыс салуға рұқсат беру қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы №1144 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 720 қаулысымен бекітілген
Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртібі
2. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты ғимараттарын орналастыруға жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденген жағдайларға рұқсат етіледі.
3. Пайдалы қазбалар жатқан алаңда кұрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты ғимараттарын орналастыруға рұқсат алу үшін жеке немесе заңды тұлға жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) ерікті нысандағы өтінімді жібереді, онда заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, оның ведомстволық қатыстылығы, мекенжайы, географиялық координаттардағы құрылыс объектісінің орналасатын жері көрсетіледі.
4. Жеке немесе заңды тұлғалардың өтінімін аумақтық бөлімшелер оны тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Жеке немесе заңды тұлға мәлімдеген алдағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалар болмаған (маңыздылығының аздығы) жағдайда, аумақтық бөлімше мәлімделген алаңда құрылыс салуға рұқсат беретін құжат болып табылатын, жатқан пайдалы қазбалардың жоқ екені (маңыздылығының аздығы) туралы қорытынды береді. Бұл ретте көрсетілген құжатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындагы уәкілетті органмен келісу талап етілмейді.
Аумақтық бөлімше оған заңды немесе жеке тұлға берген пайдалы қазбалардың жоқ екені (маңыздылығының аздығы) туралы қорытындыларды есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.
Жеке немесе заңды тұлға мәлімдеген алдағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалар бар болған жағдайда, аумақтық бөлімше 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы мәселені қарау үшін өтінімді қоса бере отырып, алдағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалардың болуы туралы қорытындыны және жеке немесе заңды тұлғаға жазбаша хабарламаны жібереді.
5. Уәкілетті орган осындай қорытынды келіп түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға көрсетілген қорытындының көшірмелерін және заңды немесе жеке тұлғаның өтінімдерін пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты ғимараттарын орналастыруға рұқсат беру туралы мәселені қарау үшін жібереді.
6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органнан аумақтық бөлімше қорытындысының көшірмелері мен заңды немесе жеке тұлғаның өтінімдері келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аталған құжаттарды қарайды және уәкілетті органға пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсатты не осы Қағиданың 8-тармағында көзделген жағдайларда жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жібереді.
7. Уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның рұқсаты келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде заңды немесе жеке тұлғаға уәкілетті органның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға арналған рұқсатты не осы Қағиданың 8-тармағында көзделген жағдайларда жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді.
8. Егер құрылыс салу барысында жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу мүмкін болмаса немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденбесе, пайдалы қазбалар жатқан алаңда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты ғимараттарын орналастыруға уәкілетті органның рұқсатын және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның рұқсатын беруден бас тартылады.
9. Уәкілетті орган өзіне заңды немесе жеке тұлғалар берген пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, олар жатқан жерлерде жерасты ғимараттарын орналастыруға рұқсаттарды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттарды есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.