Елорда • 29 Қаңтар, 2021

Елордада 100 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілген

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 2020 жылы 100-ден астам инвестициялық жобаны іске асыруға қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада 100 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілген

Қала әкімдігі 2020 жылы инвестициялық кеңестер өткізу есебінен рекордтық 1,1 трлн теңге жеке инвестициялар тартты. Нұр-Сұлтанда Қоғамдық кеңестің отырысында инвесторлар қандай жобаларға қаржы салып жатқаны туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мәлім етті.

2020 жылы инвестициялар жөніндегі өңірлік кеңес 111 инвестициялық жобаға қолдау көрсетті. Бұл 18 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Сол сияқты 30-дан астам білім беру жобасын іске асыру басталды, оның ішінде 29 мектеп, 4 балабақша, 1 колледж, медицина саласындағы 7 жоба, 6 спорттық және 41 өнеркәсіптік жоба бар.

2020 жылы елорданың өнеркәсіптік кәсіпорындары тарихта алғаш рет 2,4% өсіммен 1 трлн теңгеден астам өнім шығарды. Өнеркәсіп көлемінің негізгі үлесін өңдеу өнеркәсібі құрайды.

Өткен жылы 10 жаңа өндіріс, онда
1000-ға жуық жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.