Қоғам • 29 Қаңтар, 2021

Антикор басшысы: Халқының қайғы-қасіреті арқылы баю – сатқындық

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемия жағдайында жекелеген шенеуніктер мен топ-менеджерлер өз лауазымдарын табыс үшін жеке бизнес көзі ретінде қабылдаған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Антикор басшысы: Халқының қайғы-қасіреті арқылы баю – сатқындық

«2020 жыл – адамзат тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі. Барша әлемдегі мемлекеттік аппарат азаматтардың сенімінен жаппай айырылып, бұрын-соңды болмаған дағдарысқа тап болды. 

Пандемия кезінде халық билікке үміт артып, қамқорлық пен көмек күтіп отырғанда кейбір арсыз шенеуніктер мен топ-менеджерлер заңнан да, құдайдан да қорықпай, лауазымын «қалтасын толтыруға» пайдаланып, жүйелі түрде пара алу арқылы бюджет қаржысын жымқырды. Менің ойымша, өз халқының қайғы-қасіреті арқылы баю – сатқындық пен адам өлтіруге тең!», - деді Алик Шпекбаев агенттіктің алқа отырысында.


Агенттік басшысының дерегінше, пандемиямен байланысты 100 қылмыстық іс тіркелді. Оның жартысына жуығы – дағдарысқа қарсы бөлінген қаражатты жымқыру.


«Біз 100 қылмыстық іс тіркедік. Олардың жартысына жуығы - дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаражатты жымқыру. 2 млрд теңгеден астам сомаға қымбат бағаға 132 ӨЖЖ аппаратын сатып алу фактілерінің жолы кесілді», - деді ол.