Құрлықтық Лига аясында елордалық клуб жергілікті «Нефтехимик» командасымен жолыққан. «Барыс» сапынан Дмитрий Шевченко, Егор Петухов және Якоб Лилья мергендігімен көзге түсті. Соңғысы дубльдің авторы атанды. Ал алаң иелері ең соңғы минутта бір шайба соғып үлгерді. Осылайша 4:1 есебімен қазақстандық клуб жеңіске жетті және соның арқасында турнир тізіміндегі жағдайын жақсартты. Яғни «Барыс» қазір 59 ұпаймен Шығыс Конференциясының 8-сатысында тұр. Одан жоғары орналасқан 2 команданың ұпай көрсеткіші де осындай. Юрий Михаилис баптайтын жігіттер енді ертең «Салават Юлаев» командасымен жолығады.
«Барыс» Челябинскіде кеткен есені Нижнекамскіде қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
«Astana Hub»: бүгінгі цифрлық әлеуетіміз
Елорда • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Мәселе • Бүгін, 08:05
Тозығы жеткен техника орман шаруашылығының кәдесіне жарамайды
Талбесік • Бүгін, 08:00
Париж Олимпиадасы: меже – 80 жолдама
Олимпиада • Бүгін, 07:55
Талбесік • Бүгін, 07:50