Қоғам • 29 Қаңтар, 2021

Аида Балаева: Жастар мәселесі – бұл тұтас мемлекет келешегінің мәселесі

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

NEET санатындағы жастарды қолдауды іске асырамыз. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті

Аида Балаева: Жастар мәселесі – бұл тұтас мемлекет келешегінің мәселесі

«Жалпы, жастар мәселесі – бұл тұтас мемлекет келешегінің мәселесі. Оған келгенде біз, біріншіден, әр өңірдің ерекшелігін ескеруіміз керек. Осыған орай, қазір министрлік барлық өңірлерде жастар мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіп, сол жердің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани ыңғайына қарай нәтижелі ұсыныстар мен шешімдер қалыптастыратын боламыз», деді А.Балаева министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

А.Балаеваның айтуынша, әр өңір бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын жасап, оның ішінде NEET санатындағы жастарды қолдау іске асырылатын болады. Бұдан бұрын хабарланғандай, министр алдағы уақытта қайырымдылық және волонтерлік жөніндегі заң жобаларын жетілдіру жоспарда бар екенін айтты.

«Өздеріңіз куә болдыңыздар, Президент бастамасымен жарияланған «Волонтерлер жылы» – еріктілер қозғалысының дамуына тың серпін берген жасампаз жоба болды. Сондықтан да, ел Президенті Үкіметке бұл жұмысты тұрақты түрде жалғастыруды тапсырды. Қазір арнайы Жол картасы жасақталып, іске асуға дайын. Мұның өзі – «Волонтерлік» ұғымның ауқымы кең және ол бір жылмен немесе бір жоба аясында ғана шектелмейтіндігін көрсетеді», деді министр.