«Күтуге құқығымыз да, уақытымыз да жоқ. Себебі күн сайын елімізде қанша адамның коронавирусты жұқтырып жатқанын көріп отырсыздар. Өткен жылдың қараша айынан бері індет қайтадан үдеді. Сондықтан жағдайдың өзі бізге басқа амал қалдыратын емес. Халық жаппай ауырып болғанын күте алмаймыз. Өйткені инфекцияны тоқтатпаудың салдары ауыр. Бүкіл әлем вакциналауды бастап кетті. Үкімет қолжетімді амалдардың бәрін жасап жатыр. Qaz Covid-in вакцинасы дайын болмай тұрып-ақ халықтың осал континггентін басқа вакцинамен сақтауға мүмкіндік бар», деді Нұршай Әзімбаева.
Айта кетсек, бұған дейін Нұршай Әзімбаева Qaz Covid-in екпесінің «Спутник V» вакцинасынан айырмашылығы қандай екенін түсіндіріп берген болатын.