Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021

СҚО: Ақпанда 1 мыңнан астам адам COVID-19-ға қарсы екпе алады

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы екпе бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне жасалады. Ақпан айында 1 мыңнан астам адамға вакцина егіледі, деп хабарлайды Еgemen.kz

СҚО: Ақпанда 1 мыңнан астам адам COVID-19-ға қарсы екпе алады

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде 17 пункт COVID-19-ға қарсы вакцина егуге дайындалған. Оның төртеуі Петропавлда, қалғандары аудан орталықтарында орналасқан. Осылайша тек ақпан айында ғана өңірдің мыңнан астам тұрғынына екпе егілмек. Бірінші кезекте вакцинаны медицина қызметкерлері алады.

«СҚО-да коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияға дайындық қызу жүргізіліп жатыр. Барлық емханаларда вакцинация пунктері ашылды. Медицина қызметкерлері толық дайындықтан өтті. Ресейлік «Спутник V» вакцинасы егілмек», дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Әсем Қанғожина.

СҚО-да бір аптаның ішінде коронавирусты жұқтырғандар саны 1,7 есе артты.

Инфекциялық стационарлар бүгінде 45 %-ға толған. Жалпы облыста КВИ жұқтырудың 10658 жағдайы тіркелді. 9700-ден астам адам жазылып шықса, 42 адам қайтыс болды.