Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021

Жандарбек Бекшин кинотеатрлардың жұмысына шектеу қойылуының себебін түсіндірді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Atameken Business телеарнасының тікелей эфирінде қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин кинотеатрлардың жұмысына қойылған талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Еgemen.kz

Жандарбек Бекшин кинотеатрлардың жұмысына шектеу қойылуының себебін түсіндірді

Журналистер кинотеатрларға онсыз да аз келетін адамдар қаладағы эпидемиологиялық ахуалға қалай ықпал ететінін сұрады.

«Бізде ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бар. Ол қаулыда белгілі бір өңірлердің «қызыл» немесе «жасыл» аймаққа кіргеніне байланысты шектеу шаралары тағайындалған. Оның барлығы регламенттелген. Бұл жағдайда «қызыл» аймақтағы өңірлерде орналасқан кинотеатрлар мен театрлардың жұмысына шектеу қойылады», деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, Алматы қаласының «қызыл» аймаққа енуіне байланысты қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы қабылдаған болатын.

Қаулыға сәйкес сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар сенбі-жексенбі күні жұмыс істемейді. Ал кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар, жаңа қаулыға сәйкес енді коронавирус жұқтырған адамдар ауруханаға жатып емделеді.

Соңғы жаңалықтар

359 шетелдік байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 23:50

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Экономика • Бүгін, 08:40

Қоймаларда картоп жеткілікті

Шаруашылық • Бүгін, 08:35

«Qazaq Digital mektebi»

Digital • Бүгін, 08:30

«Shyraq AI» игілігі

Digital • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Арқалық музейіндегі асадал

Жәдігер • Бүгін, 08:10