Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021

Ішкілікке салынған ананың балалары оқшауланды

1240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы желтоқсанда Бесқарағай аудандық ювеналды полиция қызметкерлері үш қызы бар 33 жастағы аудан тұрғынының тұрмыстық жағдайын тексерген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкілікке салынған ананың балалары оқшауланды

«Отбасында екі, алты және сегіз жастағы балаларға жағдай жасалмағанын көрдік. Үйі суық, азық-түлік жоқ, тазалыққа көңіл бөлінбеген», дейді Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің бастығы Талғат Темірбеков.

Көршілерінің айтуынша, аналары ішеді. Соңғы уақытта шектен шығып кеткен. Ал, кішкентай қыздар үшін бұл үйде қалу қауіпті.

«Сондықтан юневалды полиция қызметкерлері Бесқарағай аудандық қорғаншылық және қамқоршылық бөлімімен бірлесіп, балаларды үйден оқшаулау туралы шешім шығарды. Үлкен қыздарды Семейдегі кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығына жібердік. 2 жасар қыз Семейдегі балалар үйіне тапсырылды. Балалармен дәрігерлердің қарауында. Жағдайлары жақсы», - деп атап өтті Талғат Темербеков.

«Құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуының алдын алу туралы» 09.07.2004 жылғы ҚР Заңының 11-бабы 4-тармағы негізінде кәмелетке толмаған балалардың анасына қатысты тиісті материал жиналып, ата-ана құқықтарынан айыру үшін іс сотқа жіберілді.