Тиісті қаулы 2021 жылғы 30 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Бағалардың сақталуының бақылауын Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жүзеге асыратын болады. Кәсіпкерлер аталған талаптарды бұзған жағдайда, 100 айлық есептік көрсеткіштен (291 700 теңге) 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (583 400 теңге) мөлшерде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Еске салсақ, қалада қантқа белгіленген шекті баға 2020 жылғы 30 желтоқсаннан бастап енгізілді. Аталған шаралар нарықтағы өнімнің құнын тұрақтандыру және сатушылардың бағаны негізсіз көтеруіне жол бермеу мақсатында жүргізілуде.