Спорт • 30 Қаңтар, 2021

Үздіктер тізімін Хосеп Гвардиола бастап тұр

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі Clubelo интернет-порталы қазіргі кезде түрлі командаларды жаттықтырып жүрген бапкерлердің арасындағы ең үздіктерін анықтады.

Үздіктер тізімін Хосеп Гвардиола бастап тұр

Мықтылар көшін Хосеп Гвардиола бастап тұр. 18 қаңтарда 50 жасқа толған Испанияның азаматы 2016 жылдан бері ағылшындардың «Манчестер Сити» клубын баптауда. Айтулы командамен бірге елеулі табыстарға қол жеткізген ол Премьер-лиганың ең үздік бапкеріне тиеслі арнайы сыйлықты екі мәрте иеленді. Қазіргі кезде де «Манчестер Сити» өз елінің ішкі біріншілігінің жарыс кестесінде көш бастап тұр. Гвардиоладан кейінгі орындарға аргентиналық Диего Симеоне («Атлетико»), португалиялық Жозе Моуринью («Тоттенхэм») және германиялық Юрген Клопп («Ливерпуль») пен Ральф Рангник сынды майталман мамандар жайғасты.

Бір кереметі, «ТОП-50» бапкердің қатарында Құрбан Бердыев та бар. 68 жастағы маман кезінде Алматының «Қайратының» сапында өнер көрсетіп, бірер уақыт дәл сол команданы жаттықтырғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Шын мәнінде мықты бапкер ретінде Қазанның «Рубин» клубының тізгінін ұстаған жылдары ол өзін түбегейлі мойындатты. Үздіктер тізімінде Бердыев 27 орынға тұрақтады.