2021 жылғы 30-қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің 750-ге жуық жауынгері Әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордалық жедел құрамның қатарын толықтырған ұландар өткен жылдың соңында Отан алдындағы борыштарын өтеу үшін еліміздің барлық өңірінен жасақталған болатын.
Сақтықта қорлық жоқ. Санитарлық-эпидемиялық талаптар күшейіп жатқанымен, тәртіп пен тынышықтықты қамтамасыз ету – алдыңғы қатардағы міндеттердің бірі екені сөзсіз.
Ал Әскери ант қабылдау рәсімі – әскер өмірінің бұлжытпай орындалатын заңдылығы. Сондықтан бұл шарадан тегіс бас тарту, әлбетте мүмкін емес. Сондықтан саптық алаңда сап түзеген сарбаздар үшін санитарлық талаптар сақтала отырып, салтанатты серт беру рәсімі өткізілді. Әдеттегідей рәсімге жас жауынгерлердің ата-аналары мен туыстары қатысқан жоқ. Олар үшін арнайы Ұлттық ұланның әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан тікелей эфир ұйымдастырылды. Бір емес, бірнеше эфир жасалып, әр взвод үшін бөлек-бөлек тікелей көрсетілім өткізілді.
Сап түзеген сарбаздар сымдай тізілген соң алаңға Жауынгерлік Ту енгізіліп, әскери бөлім командиріне жеке құрамның Әскери ант қабылдауға дайын екендігі баяндалды. Полковник Нұрлан Мұхамедов жауынгерлерге жігерлі сөзін арнады.
– Әскери ант қабылдау салтанаты – әрбір әскери бөлім үшін ерекше оқиға болып есептеледі. Өйткені дәл осы күннен бастап жеке құрам қатарын толықтырған жас сарбаздар ресми түрде Отан қорғаушы атанады. Әскери ант – ел азаматтарының конституциялық құқығы ғана емес, өз елі мен жерін қорғауға қабілеттілігін білдіретін маңызды рәсім. Жауынгерлеріміз ант қабылдай отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің қорғаны болуға серт береді. Ендеше осы сертке адал болып, өздеріңізге жүктелетін жауынгерлік міндетті абыроймен атқаруларыңызға тілектеспін! – деді құттықтау сөзінде құрама командирі.
Бұдан соң қаз-қатар тізілген 700-ден аса сарбаз саптық алаңда салтанатты маршпен жүріп өтті.
Айта кетейік, ант қабылдаған жас жауынгерлер екі аптадан кейін ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, қала тыныштығын сақтауға, бас шаһардың қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұрғындар мен азаматтардың құқықтарын қорғауға жұмылдырылады.
Осылайша, құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлік жолын жалғастыратын болады.



Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 12:20
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 11:20
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:40
Екібастұзда полиция қызметкерлері алаяқтарды құрықтады
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандық баскетболшылар әлем чемпионаты іріктеуінің бірінші кезеңінен өтті
Спорт • Бүгін, 09:30
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Бүгін, 09:02
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • Кеше
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • Кеше
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • Кеше
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • Кеше
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қоғам • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Перуде лай көшкінінен 150 үй қирады
Әлем • Кеше
Қазақстанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме өсті
Экономика • Кеше
Алматыда қоршауға өрмелеген 8 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше
Қаржы • Кеше
Екібастұзда алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Кеше
Үндістанда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтан мен Алматы студенттер үшін ең үздік қала қатарына қосылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары аталды
Қазақстан • Кеше
Биыл Қазақстанда қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан • Кеше
Грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды
Күрес • Кеше
Шетел азаматтары медициналық тексерістен қалай өтеді
Медицина • Кеше
Жалдамалы жұмысшылардың жалақысы 17 пайызға өсті
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар