19 Желтоқсан, 2013

Шығыс Қазақстанда бір ғасыр жасаған 66 қария бар

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 12-shisШығыс Қазақстан облысында бір ғасыр жасаған 66 қария тұрады. Бұл туралы Altaynews.kz хабарлады.

Бүгінде аталған аймақта тұратын ұландық Гүлсара Шарманова 111 жасқа келді. Осы орайда, 90 мен 100 жас аралығындағы қарттардың саны 200-нан асып кеткенін атап өткен жөн. Олар өздерінің өнегелі жолынан жастарға әрдайым сыр шертіп, кеңес беріп отырады. Жақында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы абзал жандармен кездесу өткізіп, игі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде облыста ақсақалдар мен соғыс ардагерлері кеңесінің жұмыс істейтінін, 1000-нан аса ардагерлер ұйымдары құрылғанын атап өтті.

«Шығыс өңірінде қарияларды, жалғыз басты зейнеткерлерді қолдау мақсатында «Жақсы іс жаса», «Қайырымдылық айы» сынды акциялар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Облыста егде адамдарға 13 дәрігерлік-әлеуметтік мекеме қызмет көрсетеді. Жалпы, облыста бір ғасыр жасаған 66 қария бар. «Қарты бардың қазынасы бар» дейді халқымыз. Бүгінгі қоғамның басты құндылығы – қарттардың ел игілігі үшін жасаған қызметі, бейбіт тіршіліктің, ұлттар достығы мен береке-бірліктің берік негізін қалауға тигізген септігі жас ұрпақ үшін үлгі болмақ, - деді ол сөз орайында.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Altaynews.kz

Фото: Altaynews.kz

Соңғы жаңалықтар