Экология • 01 Ақпан, 2021

Қазақстанның 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 1 ақпан күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында болады.

Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.