![2021 жылы Ақмола облысында 17 автожол жобасы жүзеге асырылмақ](/media/2021/02/01/20181109193039.jpg)
«Екатеринбург-Алматы автомобиль жолының 1231-1247 шақырымында автоматтандырылған өлшеу қондырғыларын орнату мен жоба-сметалық құжаттама әзірлеу көзделген. РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы автожолының 856-913 шақырымындағы учаске күрделі жөндеуден өтпек. Жөндеудің дәл осы түрін Жақсы – Есіл – Бұзулық тас жолының 80+900 шақырымындағы көпірге жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттама әзірленеді. РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалалары арқылы 930-960 шақырымында және Нұр-Сұлтан – Петропавл автожолының Шортаңды ауылы жанындағы өтпежолға орташа жөндеу жүргізілетін болады», делінген ҚР ИИДМ таратқан мәліметте.
Сонымен бірге, облыстық жолдарда 3 көпір салу жоспарланып отыр. Атап айтсақ, Атбасар – Сочинск, Есіл-Свободное-Раздольное және Зеренді ауданы Садовой ауылдық округының Заречное ауылында тұрғызылмақ. Бұдан бөлек, құрылыс компанияларымен орташа жөндеу жұмыстары келесідей автожолдарда жүргізіледі: Екатеринбург-Алматы – Түрген – Константиновка – Белоярка 0-67 км, Жаңа Қалқұтан – Ақкөл – Азат – Минск 55 - 104 км, Атбасар – Қима - Жақсы – Державинск 9 – 51 км, Жақсы – Державинск 101,5 – 140 км, Зеренді – Қызыл Кордон – облыс шекарасы 5,1 – 41, 3 км мен Бұзулық – Алматы 0 - 38,5 км. Еске сала кетейік, өңірдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 7940 шақырымды құрайды. Оның 2314 км – республикалық желі, 5626 км – жергілікті желі.