«Егер біз халықтың кем дегенде 50%-дан асатын иммундық қабатын құратын болсақ, онда біз қалыпты шектеусіз, карантинсіз, локдаунсыз өмірге орала аламыз», деді ол.
Дәрігер коронавирустың өте қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.
«Осы жылдың соңына дейін 6 миллион доза жоспарланған. Жалпы, біз 10 миллион адамға дейін екпе салуды жоспарлап отырмыз. COVID-19 өте қауіпті инфекция болғандықтан, мен бұл жоспардың алдағы таңда іске асырылғанын қалаймын», деп қосты Қиясов.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ