20 Желтоқсан, 2013

Қазақстан – Интегралды қуаттың жаһандық рейтингінде

256 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

01-барс стратегия 2050 colБұрнағы күні Ас­­танада Ресей Ғы­­лым акаде­мия­сы Эко­номи­ка­лық стратегия­лар институты халықаралық са­рап­­шылар тобының «К новым высотам» атты ұжымдық монографиясы­ның тұ­саукесері өткені белгілі. Онда шараға қатысқан халықаралық сарапшылар тобының өкілдері ресейлік Александр Агеев пен ұлыбританиялық Робин Мэтьюз монографияны жарыққа шығаруға негіз болған қағидаттар жөнінде айтып берген болатын.

Әлемдегі 100 ел Интегралды қуатының жаһандық рейтингін қалыптастырған сарапшылар Астанада біздің еліміз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына 2025 жылы-ақ сенімді түрде жететіндей мүмкіндікке ие екенін атап көрсеткен еді.

Ал арнайы бетте басқа да әлемге белгілі саясаткерлер мен сарапшылардың «Қазақстан-2050» Стратегиясына қатысты айтқан тұжырымды ойлары жарияланып отыр.

 

4

...Таяудағы 15-20 жыл бойы жаһандық трендтердің ықпалы Қазақстан үшін оңтайлы болады. Және бұл бізге дәл осы 15-20 жылда барынша үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін қысқа мерзімдік «мүмкіндіктер терезесін» ашады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті.

 

Бұрнағы күні Ас­­танада Ресей Ғы­­лым акаде­мия­сы Эко­номи­ка­лық стратегия­лар институты халықаралық са­рап­­шылар тобының «К новым высотам» атты ұжымдық монографиясы­ның тұ­саукесері өткені белгілі. Онда шараға қатысқан халықаралық сарапшылар тобының өкілдері ресейлік Александр Агеев пен ұлыбританиялық Робин Мэтьюз монографияны жарыққа шығаруға негіз болған қағидаттар жөнінде айтып берген болатын.

Әлемдегі 100 ел Интегралды қуатының жаһандық рейтингін қалыптастырған сарапшылар Астанада біздің еліміз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына 2025 жылы-ақ сенімді түрде жететіндей мүмкіндікке ие екенін атап көрсеткен еді.

Ал арнайы бетте басқа да әлемге белгілі саясаткерлер мен сарапшылардың «Қазақстан-2050» Стратегиясына қатысты айтқан тұжырымды ойлары жарияланып отыр.

 

Сарапшы сөзі

КӨРЕГЕНДІК ДЕП АЙТУҒА ЛАЙЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Қазақстан Еуропа Одағы үшін өңірде сауда-саттығы мен инвестициялары есебінен ғана аса маңызды әріптес болып табылмайды. Маңыздырағы сол, тұрақты ел ретінде үлкен беделге ие... Қазақстан әлемдегі аса ірі мұнай өндіруші елдің бірі бола отырып, таза энергияға және ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген болашақ дамудың стратегиясын қабылдаса, бұл тек құптауға ғана лайық нәрсе емес. Бұл көрегендік деп айтуға лайық ұтқырлық... Астананың «Болашақтың энергия­сы» тақырыбында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін қабыл­дайтыны Еуропамен ынтымақ­тас­тық үшін бұрынғыдан да үлкен мүмкіндіктер береді.

Жозе Мануэль БАРРОЗУ,

Еуропа комиссиясының президенті.

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҰТЫМДЫЛЫҒЫ

Президент Нұрсұлтан На­зар­баев Қазақстанның соң­ғы екі онжылдықтағы көпте­ген же­тістіктерін ой сарабы­нан өт­кі­зе келіп, оның әлеу­мет­тік-эко­но­микалық және дипло­ма­тия­лық салалардағы көкей­кес­ті мәсе­ле­лерін ешқандай қысыл­мастан ашық жария етті.

Өзінің Жолдауында Қазақстан Президенті алда тұрған міндеттерді белгілеп берді. Онда өңірлік эко­номикалық интеграцияға, жер­гілікті демократияны күшейту мен ядролық қару-жарақты таратпау саласында күн тәртібін құруға ықпал ету мәселелеріне баса назар аударылған.

Әсіресе, ұлттық экономи­каны шикізат экспортынан тәуел­сіз тұрғыда әртараптандыру мақ­са­тын­дағы экономикалық күн тәрті­бі өте жақсы ойластырылған. Өйт­кені, бұл жайт Қазақстанды нанотехнологиялар мен биотехнологиялар сияқты жетекші секторларда жетекші орындарға шығара алады. Және де шетел капиталы мен технологияларын тарта отырып, шетелдік әріптестерімен ынтымақтастықты жандандыруына жол ашады.

Ричард ВАЙЦ,

Хадсон институты жанындағы Әскери-саяси

талдау орталығының директоры (АҚШ).

 

БАСҚА ЕЛДЕР ҮШІН ЖАҚСЫ ЖОЛБАСШЫ

Бәрінен маңыздысы, «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы дер кезінде жарияланып отыр жә­не Қазақстанды қазіргіден де қуат­ты мемлекетке айналдыруда басты рөл атқаратын болады. Ор­нықты дамытуды жалғастыру – аса маңызды бағыт, ал этнос­тық, мәдени және діни көп­қырлылықты дамытуға ерекше мән берілуі – елдегі тұрақтылыққа оң ықпал ететін және ха­лық­аралық қоғамдастыққа үлгі ретінде ұсынуға болатын шешуші шарт.

Инфрақұрылымдарды да­мы­ту мен индустрияны әр­та­рап­­­тандыруға жоғары назар аудару­­дың да маңызы зор. Өйт­ке­ні, бұл биліктің барлық тармақ­тары­нан үй­лесімді және келісімді іс-қи­мылды талап етеді.

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі мен ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізу әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанның әлемдік даму мен жаһандық қауіпсіздікке айтар­лықтай үлес қосуға мүмкіндігі мол екенін танығанын көрсетеді.

Азық-түлік қауіпсіздігі, су тапшылығы мен энергетикалық қауіпсіздік секілді «жаһандық сын-қатерлерді» біріздендіру және аталған проблемаларды шешудің түрлі жолдарын ұсыну өмірлік маңызы зор мәселе әрі басқа елдер үшін жақсы жолбасшы ретінде қызмет көрсете алады.

Ким МУН-СУ,

мемлекеттік және саяси қайраткер

(Корея Республикасы).

 

НАЗАРБАЕВ БАСТАМАСЫН ТОЛЫҚТАЙ ҚОЛДАЙМЫН

Мен Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың Бүкіл­әлемдік дағдарысқа қарсы кү­рес бойынша G-Global бастамасын толықтай қолдаймын. G20 және G8 шешімдер қабылдау мен сараптамалар жүргізуде әлсіздік танытты. Оларда тиім­ді ұсыныстар дайындау мен міндеттерді шешу жолдарын іздестіруде тетіктердің жет­кіліксіздігі көзге ұрып тұрды.

Мемлекеттердің 90%-ы осы форумдарда дауыс беру құ­қына ие. Нәтижесінде түрлі шешімдерден ауытқушылықтар байқалып, екіжақты жанжалдар туындайды, мұндай проблемаларда жаһандық теңсіздік, бағыт алмастыру саясатында және протекционизмде біржақты қадамдар пайда болады.

Қазақстан – серпінді дамушы мемлекет және Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің белсенді қаты­сушысы.

Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев халық­аралық валюта жүйесін ре­фор­малауға оң ықпал етуде. Жаңа рынок­тар өкілі болып табылатын ел үшін бұл – аталған үде­рістерге қосылудың тамаша тә­сілі. Сонда ғана сіз жай ғана қатысушы ел емес, реформатор елге айналасыз.

Роберт МАНДЕЛЛ,

Экономика жөніндегі Нобель

сыйлығының лауреаты (Канада).

 

ТАБЫСТЫЛЫҚ – ӘРІПТЕСТІККЕ ЖОЛ АШАТЫН ШАРТ

Қазақстан – болашағы зор «жаңа» әлемдік державалар деп аталатын топқа берік енген посткеңестік мемлекеттердің аса табысты мысалдарының бірі. Қазақстан – бүкіл әлемге ашық мемлекет. Технологиялық дамуға, жаңғыртуға, инновацияларға басымдық беруі АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан, әрине, Еуропа елдері мен басқа да ірі мемлекеттердің стратегиялары желісімен толықтай сәйкеседі. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан инвестициялар үшін үлкен перс­пективалы мүмкіндіктер ұсына алады.

Қазақстан ұсынатын осы прагматикалық экономикалық үнқатысу қазіргі кезде, яғни Батыс дағдарысты басынан өткеріп отырған шақта аса маңызды. Әлемге ашық Қазақстанның тағы бір маңызды сәті – елді көптілді ету мақсаты. Бұл жерде қазақ тілі ұлттық тіл міндетін атқарса, орыс тілі Қазақстанның Ресеймен тарихи байланысын көрсетеді, ал ағылшын тілі жаһандық қатынас тілі ретінде үлкен маңызға ие. Осылайша 140 этностық тобы, 17 конфессиясы бар Қазақстан бүкіл әлеммен сұхбат жүргізуге қабілетті.

Өсімнің тамаша көрсеткіштері Қазақстанға Еуропаның аса жетекші стратегиялық әріптесі болуға мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды сәт – бұл Қазақстанның, соның ішінде Кеден одағы мен Еуразиялық одақты дамыта отырып рөлін кеңейту және БСҰ-ға қосылғаннан кейін халықаралық рыноктарға шығуы.

Тиберио ГРАЦИАНИ,

Геосаясат жоғары мектебі

институтының президенті (Италия).

 

Диаграмма 1

 

Диаграмма 2

Диаграмма 3

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23