Оқиға • 01 Ақпан, 2021

Қазақстандықтар денсаулығын құрту үшін қанша ақша жұмсайды?

2115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын темекі бағасының қымбаттап жатқанына қарамастан қазақстандықтар осынау өнімді сатып алуды тоқтатпай отыр. Керісінше, темекі сатылымы арта түскен. Бір жылға жетпес уақыттың ішінде ел азаматтары темекіге 35 мың теңге жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандықтар денсаулығын құрту үшін қанша ақша жұмсайды?

Energyprom.kz дерегі бойынша, 2020 жылдың желтоқсан айында фильтрлі темекі бір жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда 14,9 пайызға қымбаттаған. Әсіресе , Атырау (бір жылда 20,9 пайыз), Жамбыл (20,3 пайыз), Алматы облыстарында (19,6 пайыз) қатты қымбаттау байқалған. Бір айда баға 0,7 пайызға қымбаттаған. Базарлар мен азық-түлік дүкендеріндегі бір қорап темекі бағасы 508 теңгеге жеткен.

2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар темекі мен папирос сұранысын 75,2 пайызға қамтамасыз еткен. Импорт 7 есе, яғни, 5 млрд данаға дейін төмендесе, экспорт үлесі 13,4 пайызды құраған. Ішкі нарықтағы темекіні тұтыну көлемі де біршама азайыпты. 2020 жылдың қаңтар-қарашасы аралығында әрбір қазақстандық орта есеппен 1,5 мың дана темекі немесе папирос тартқан.