Елорда • 01 Ақпан, 2021

Елордалық ұландар жоғалған ер азаматты тапты

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 31 қаңтарда кешкі уақытта болды. Ұлттық ұлан жауынгерлері Петров көшесінде патрульдік қызметін атқарып жүргенде оларға бір азаматша келіп, жоғалған әкесін тауып беруді өтінген, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордалық ұландар жоғалған ер азаматты тапты

Оның айтуынша, ер азаматтың есте сақтау қабілетінен сырқаты бар және сол күні таңертесін үйден шыққан күйі қайта оралмаған екен.

Ұландықтар жоғалған азаматтың түр-сипатын анықтап, қоғамдық тәртіп күзетінде жүрген барлық патрульдік топтарға хабарлайды. Араға бір сағат салып, көрші маршруттан жағымды хабар келіп түседі. Әскери жасақ бастығы қатардағы Ерғазы Айсабаев патрульшілер қатардағы Әбдімәжіт Мәжіт және Бексұлтан Қарлыбаевтар сипаттаған азаматқа ұқсас егде адамды тапқандары туралы баяндайды. Әлгі азамат автобус аялдамасында тұрған екен.

Ұландықтар мән-жайды анықтап, жоғалған азаматты үйіне апарып, қызына тапсырады. Өз кезегінде азаматша Ұлттық ұлан жауынгерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.