Бүгінде коронавирус індетімен ауырған азаматтардың денсаулығын қайта қалпына келтіру жəне індеттің алдын алу шаралары əлем үшін өзекті тақырыпқа айналды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде аталған мəселелер санатория мен курорттағы демалысқа, медициналық туризмге деген сұранысты арттырып, дамытуға мүмкіндік береді. Еліміз өзінің бірегей табиғи ресурстарын пайдалану арқылы коронавирустан кейін оңалту бойынша санатория мен курорттағы демалысты ұйымдастыру жағынан ТМД-да көшбасшысы атана алады. Қолайлы климаттық жағдай, минералды су жəне шипалы балшықпен емдеу орны бар еліміздің барлық өңірі емдеу-сауықтыру саласының дамуына ықпал етеді.
Бұл салаға деген сұраныстың артуына байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық курорт қауымдастығы санатория мен курорт объектілерін зерттей келе, COVID-19-ға шалдыққан адамдарды оңалту бағдарламасы бар 10 үздік санаторийді анықтады.
Мәселен, «Сарыағаш» курорт аймағындағы санаторийлердің ішінде коронавирустан кейін оңалту бағдарламасын ұсынатын ең үздігі – «Алтынай» мен «Қазақстан KZ». Сонымен қатар бұл тізімге Түркістан облысындағы «Манкент» шипажайы, Жамбыл облысындағы Merke Radon санаторийі, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау ШЖҚ «Айша-бибі» МКК санаторийінің оңалту орталығы кіреді.
Ұлттық курорт қауымдастығының тізіміндегі санаториялар мен курорттар мыналар:
Алматыда – «Қазақстан» санаторийі және Altyn Kargaly қонақ үй-санаторийі;
Алматыдан үш шақырым жерде, Іле Алатауының етегіндегі – Almaty Resort санаторийі;
Ақмола облысында – «Оқжетпес» емдеу сауықтыру кешені;
Батыс Қазақстан облысында – Nurbergen Health Resort санаторийі және Ақтөбе облысында – «Шипагер» санаторий – профилакториі.
Айта кетейік, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Қазақстан Республикасының ұлттық курорт қауымдастығымен бірлесіп, курорттық аймақтардың инфрақұрылымын және материалдық-техникалық жарақтандырылуын ескере отырып, санаториялар мен курорт объектілеріне зерттеу жүргізді. 173 санаторий мен курортты қамтыған инспекция қорытындысы бойынша жаңартылған тізім, санаторийлер каталогы əзірленді.
www.kazakhstan.travel порталына жұмыс істеп тұрған санаторийлер жайлы өзекті ақпарат орналастырылды. Сондай-ақ арнайы бейнеролик жарық көрді.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар