Саясат • 02 Ақпан, 2021

Бірлескен жаттығу

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер түрлері қолбасшыларының бас­қармасында бірлескен штаб­тық жаттығу өтті. Олар Қарулы Күш­тер­дің 2021 оқу жы­лын­да­ғы дайындық жос­па­ры негі­зінде ұйымдас­ты­рыл­ды.

Бірлескен жаттығу

Штабтық жаттығулар барысында шешім қабылдау, операция­ларды жоспарлау, әскери бас­қару органдарын үйлестіру, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және іс-шараларды жан-жақты қам­­тамасыз ету міндеттері орын­дал­ды.

«Батыс», «Астана» өңірлік қол­­бас­шылықтарының басқар­масында және Десанттық-ша­буыл­дау әскерлерінде арнайы әскери операцияны әзірлеу мәсе­­лелері пысықталды. «Біз­ штаб­тық жаттығу ба­ры­сын­да қазіргі заманғы қару­лы қақтығыстардың тәжі­ри­белерін қарастырдық, жа­уын­­герлік іс-қимыл барысын және ұшқышсыз ұшу құрыл­ғы­ла­рының ерекшелігін тал­дадық. Бас­қа әскери құрылым­дармен өзара іс-қимыл мәселе­лерін пы­сық­тадық. Өткен жаттығуда не­гізгі мақсатқа қол жеткізіліп, тап­сырмалар орындалды деп ой­лаймын», деді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қол­басшысы, генерал-майор Қа­ныш Әбубәкіров. 

Бұдан өзге, ҰҚК Шекара қызме­тінің басқару органдарымен, ІІМ Ұлттық ұланмен өзара іс-қимыл мәселелері пысық­талды. «Кез келген оқиғаға әр­қашан дайын болу керек. Осын­дай жаттығуларды өткізу кезінде Қарулы Күштердің, бас­қа да әскерлер мен әскери құ­ралымдардың бірлескен іс-қимылының үйлесімділігі тек­серіледі», деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қол­бас­шысының штаб бастығы, пол­ковник Қуанышбек Ұштаев.

Аталған іс-шаралар жедел­ құжат­тарды әзірлеу және же­дел-так­ти­калық есептерді жүр­­гізу жө­нін­де практикалық дағ­дыларды да­мытуға ықпал етті. Олар бірыңғай ке­шенді стра­тегиялық міндеттер аясында шұ­ғыл өтті.