Оқиға • 02 Ақпан, 2021

30 жылдыққа арналды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты көрме ұйымдастырды.

30 жылдыққа арналды

«Шараның мақсаты – биыл­ғы жылдың басты мерекесі тә­уел­сіздіктің 30 жылында жеткен же­тістіктерімізді әйгілеп, осы ара­лықта атқарылған аса маңызды сая­си оқиғалар мен экономикалық өрлеу ісіндегі жетістіктерімізді ха­лыққа көр­сету», дейді көрмені ұйымдас­тырушы тарап.

Қожа Ахмет Ясауи кесе­не­­сі­нің үлкен Ақсарай және кітапха­на бөлмесі сөрелерінде ор­на­лас­қан жәдігерлер қатарына: мемлекетіміздің Ата Заңы – Қа­зақстан Конституциясы мен Мем­лекеттік рәміздері, Қазақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұр­сұл­тан На­зар­баевтың тәуел­сіздік жылдары атқарған абыройлы қызметін әйгі­­лейтін фото­құжаттар мен осы жыл­дары жа­рық көрген Елбасының құн­­ды еңбектері және Мемлекет бас­­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың жуықта жарияланған «Тәуел­сіз­дік бәрінен қымбат» атты ма­қа­ла­сына қатысты айтылған үзік ойлар һәм еліміздің 30 жыл­дағы өрлеу кезеңі туралы баян­дайтын құн­ды мәліметтер қойылған.

Бұл маңызды мәдени оқиға жай­лы пікір білдірген мекеме бас­­шысы Нұрболат Қадырұлы «Ата-бабамыз армандаған азат­тық байрағын қолда берік ұс­тау – бүгінгі ұрпақтың басты па­рызы. Әрбір қазақстандық – Ота­нын жү­регімен сүйіп, оны өр­кендету жолында адал қыз­мет ететін патриот болуы тиіс. Бұл көрме жастарды ұлт­тық құн­дылықтарымызды қа­дір­­леуге, тарихын білуге ықпал ете­ді деген үміттенеміз», – деді.