Спорт • 02 Ақпан, 2021

Әрбір жеңіс – тәуелсіз Қазақстанның жетістігі

248 рет көрсетілді

Отыз жыл ішінде Қазақ елі күрделі кезеңнің түрлі сын-өткелдерінен өтті. Тәуелсіздік алған жылдары экономикалық жағдай мықты болмағанымен, мемлекетіміз елімізді төрткүл дүниеге танытатын спорттың дамуы­на, спортшыларымыздың дүбірлі жарыс­тарда атой салуына барынша қолдау көрсете білді. Ол бүгінге дейін жалғасып келеді. Нәтижесінде, Қазақстан өз алдына дербес мемлекет ретінде алты рет (1996-2016 жылдары) жазғы Олимпиадаға қатысып, жалпы жиынтығы 64 медаль, оның ішінде 15 алтын, 21 күміс және 28 қола медаль жеңіп алды. Егемен ел болғаннан бері бокс­шыларымыз Василий Жиров, Ермахан Ибрайымов, Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, жеңілатлет Ольга Шишигина, велошабандоз Александр Винокуров, суда жүзуден Дмитрий Баландин сынды саңлақтарымыз Олимпиада тарихына алтын әріптермен жазылды. Жеңістің барлығы  ел тәуелсіздігінің және мемлекеттің спортты дамытуға деген сындарлы саясатының арқасында келіп отыр. Бүгін біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұлттық спортты асқақтатқан саңлақтардың жетістіктерін спортсүйер қауымға қайта ұсынғанды жөн көрдік.

 

1996 жылы ең басты бәсекенің бірі Атланта (АҚШ) жазғы Олимпиадасы еді. Бұл сайысқа дербес ел ретінде қатысқан Қазақ елі 96 спортшысын үкілеп қосты. Қазақтың туын тұңғыш рет алып шыққан Ермахан Ибрайымов (суретте) ел сенімін ақтап, қола жүлдемен оралды. Боксшы Василий Жиров, грек-рим күресінің шебері Юрий Мельниченко және бессайысшы Александр Парыгин Олимпиада чемпионы атанды. «Балқаш барысы» Василий Жиров үздік боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогына лайық деп танылды. Дода қорытындысы бойынша 11 медаль еншілеген қазақстандықтар 197 мемлекеттің ішінен бейресми жалпыкомандалық есепте 24-орыннан көрінді.

 1

Атланта-1996

Аты-жөні

Спорт түрі

Медаль

1

Василий Жиров

Бокс

Алтын

2

Юрий Мельниченко

Грек-рим күресі

Алтын

3

Александр Парыгин

Қазіргі бессайыс

Алтын

4

Сергей Беляев

Нысана көздеу

Күміс (екі дүркін)

5

Болат Жұмаділов

Бокс

Күміс

6

Анатолий Храпатый

Ауыр атлетика

Күміс

7

Ермахан Ибрайымов

Бокс

Қола

8

Болат Ниязымбетов

Бокс

Қола

9

Мәулен Мамыров

Еркін күрес

Қола

10

Владимир Вохмянин

Нысана көздеу

Қола

 

2000 жылы Сиднейде өткен ХХVІІ жазғы Олимпия ойындарында еліміздің 130 спортшысы сайыстың 17 түрінен бақ сынады. Нәтижесінде, 3 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алған Қазақстан бейресми жалпыкомандалық есепте 22-орыннан көрінді.

1

Көк байрақты ұстап шыққан Ермахан Ибрайымов Сидней төрінде көк туымызды көкке көтеріп, Әнұранымызды шырқатса, жеңілатлет Ольга Шишигина 100 метр қашықтықта жүгіруде алдына жан салмады.

Жасыл құрлықта 20 жастағы Бекзат Саттарханов (суретте) бокстан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. 1999 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен дүбірлі додада ел спортшысы 57 килода жолдама алмағаннан кейін құраманың бас бапкері Тұрсынғали Еділов жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бекзат Саттархановқа зор үміт артты. Бас бапкер 1999 жылы Ташкентте өткен Азия біріншілігіне 19 жастағы Бекзатты алып барды. Басында бокс мамандары жас жігіттің үлкен сынға түсуіне қарсы болғанымен, Т.Еділов шешімінен айныған жоқ. Бекзат та сенімді ақтап, финалға дейін жетті. Ақтық сында жерлесіміз әлем чемпионатының күміс жүлдегері Тулкунбай Тургуновпен терезесі тең жұдырықтасқанымен, төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді. Жеңіс жергілікті боксшының пайдасына шешілгенімен, ең бастысы, Саттарханов Олимпиада жолдамасына ие болды. Бекзат Сидней төрінде әлем чемпионатының қола жүлдегері Рамазан Палиани, әлем чемпионы Рикардо Хуарес секілді мықтыларды жолдан тайдырып, Олимпиада чемпионы атанды.

1

 

Сидней-2000

Аты-жөні

Спорт түрі

Медаль

1

Бекзат Саттарханов

Бокс

Алтын

2

Ермахан Ибрайымов

Бокс

Алтын

3

Ольга Шишигина

Жеңіл атлетика

Алтын

4

Болат Жұмаділов

Бокс

Күміс

5

Мұхтархан Ділдәбеков

Бокс

Күміс

6

Ислам Байрамуков

Еркін күрес

Күміс

7

Александр Винокуров

Велоспорт

Күміс

 

2004 жылы Афина Олимпиадасында спортшыларымыз бұрынғы додалармен салыстырғанда төмен нәтиже көрсетті. Жарыстың соңғы күні ғана Бақтияр Артаев (суретте) бокстан чемпион болмағанда, Қазақстан елге алтынсыз оралар еді. Бір алтынның арқасында ел құрамасы жалпыкомандалық есепте 42-орыннан көрінді.

1

Бір қызығы, Артаев 2003 жылы әлем чемпионатында бақ сынағанымен, 1/4 финалдан ары аса алмаған. 2004 жылы Пәкістанда өткен лицензиялық турнирде ең соңғы болып Олимпиада жолдамасына иелік еткендіктен бе, мамандар оған көп үміт арта қойған жоқ-ты. Тіпті Олимпиаданың жартылай финалына дейін жетсе де, оған сенім білдіргендер көп емес-тін. Себебі оның жолында екі дүркін Олимпиада чемпио­ны ресейлік Олег Саитов қарсы тұрды. Дегенмен қарсыласынан 20:18 есебімен басым түскен Бақтияр финалда Лоренцо Арагонды 36:26 есебімен жеңді.

АИБА төрешісі Серік Әбдінәлиев Артаев-Саитов арасындағы жекпе-жекке өз пікірін білдірген еді. «Сол кеште Бақтияр таза әрі ірі есеппен жеңді. Төрешілер қанша жерден ұпайын кеміткенімен, Бақтияр жеңісті қарсыласынан жұлып алды», деді ол.

Жарқын жеңісінен кейін Олимпиада чемпионы атанған Артаев мықтыларға берілетін Вэл Баркер кубогын иеленіп, 69 кило қазақтың салмағы екенін дәлелдеді.

Бүгінге дейін 2004, 2008, 2012 және 2016 жылғы Олимпиадаларда қазақтың жігіттері 69 килода алдарына жан салмай келеді.

 1

АфинА-2004

Аты-жөні

Спорт түрі

Медаль

1

Бақтияр Артаев

Бокс

Алтын

2

Геннадий Головкин

Бокс

Күміс

3

Геннадий Лалиев

Еркін күрес

Күміс

4

Георгий Цурцумия

Грек-рим күресі

Күміс

5

Сергей Филимонов

Ауыр атлетика

Күміс

6

Мхитар Манукян

Грек-рим күресі

Қола

7

Дмитрий Карпов

Жеңіл атлетика

Қола

8

Серік Елеуов

Бокс

Қола

  

2008 жылы Бейжіңдегі ХХІХ жазғы Олимпиадасына еліміз спорттың 22 түрінен 132 спортшысын аламанға қосты. 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алған Қазақ елі жалпыкомандалық есепте 29-орынға тұрақтады.

1

Тағы бір тарихи оқиға, ол – қос қазақтың тұғырда бірге тұруы. Қа­зақ­тың әнұранын шырқатқан Бақыт Сәрсекбаевтың (суретте) жа­нында қола медаль еншілеп Қытай туы астында өнер көрсеткен қандасымыз Қанат Ислам қасқайып тұрды. Бұрын-соңды қайталанбаған сәт!

 1

Бейжің-2008

Аты-жөні

Спорт түрі

Медаль

1

Бақыт Сәрсекбаев

Бокс

Алтын

2

Алла Важенина

Ауыр атлетика

Алтын

3

Нұрбақыт Теңізбаев

Грек-рим күресі

Күміс

4

Асхат Жіткеев

Дзюдо

Күміс

5

Ольга Рыпакова

Жеңіл атлетика

Күміс

6

Еркебұлан Шыналиев

Бокс

Қола

7

Марид Муталимов

Еркін күрес

Қола

8

Елена Шалыгина

Әйелдер күресі

Қола

9

Арман Шылманов

Таеквондо

Қола

  

2012 жылы Лондон Олимпиадасында Қазақстанның 107 спортшысы сайыстың 27 түрінен ел намысын қорғады. Тұманды Альбиондағы додаға әлемнің 10 500 атлеті қатысып, спорттың 39 түрінен 302 медаль жиынтығын сарапқа салды. 3 алтын, 1 күміс және 7 қола медаль еншілеген Қазақстан жалпыкомандалық есепте 25-орынға ие болды.

1

Жарыстың алғашқы күні-ақ қазақ спорты тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды. Ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Тосын сыймен қуантқан велошабандоз Александр Винокуров (суретте) еді. 12 жыл бұрын Сидней Олимпиадасында күміс медальға қол жеткізгеннен кейін Сашадан мұндай ерлік күтпегеніміз рас. Жерлесіміз өз мансабын жақсы «нотамен» аяқтады. 248 шақырымды 5 сағат 45 минут 57 секундта жүріп өткен Винокуровтың арманы Лондон төрінде орындалды.

Келесі алтын – жеңілатлет Ольга Рыпакованың еншісінде. Үш қарғып секіру бойынша сынға түскен ол 14,98 метр ұзындыққа секіріп, алдына жан салған жоқ. Бір қызығы, Ольга 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында 15,15 метрге секіріп, күміс жүлдегер атанған еді. Бұл жолы алтын алуға 14,98 метр де жеткілікті болды.

Ел қоржынына үшінші алтынды 69 килода сынға түскен боксшы Серік Сәпиев салды. Серік жартылай финалда ресейлік Андрей Замковоймен жұдырықтасып, 2009 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында кеткен есесін қайтарды. Ал финалда британдық қарсыласы Фредди Эвансты 17:9 есебімен аса қиналмай жеңіп, Олимпиада чемпионы атанып әрі Вэл Баркер кубогын иеленді.

 1

 

Лондон-2012

Аты-жөні

Спорт түрі

Медаль

1

Серік Сәпиев

Бокс

Алтын

2

Ольга Рыпакова

Жеңіл атлетика

Алтын

3

Александр Винокуров

Велоспорт

Алтын

4

Әділбек Ниязымбетов

Бокс

Күміс

5

Иван Дычко

Бокс

Қола

6

Марина Вольнова

Бокс

Қола

7

Ақжүрек Таңатаров

Еркін күрес

Қола

8

Даниял Гаджиев

Грек-рим күресі

Қола

9

Гузель Манюрова

Әйелдер күресі

Қола

10

Анна Нұрмұхамбетова

Ауыр атлетика

Қола

11

Дәулет Шабанбай

Еркін күрес

Қола

 

2016 жылы өткен Рио Олимпиадасындағы тамаша жеңістер Қазақстанның әлем алдында мерейін асыр­ды. 18 медаль жеңіп алған Қазақ­стан құрамасы медальдар саны бойынша өзінің жеке рекордын орнатты – 3 алтын, 5 күміс және 10 қола. Аталған медальдар Қазақстанды 207 мемлекеттің ішінен бейресми жалпыкомандалық есепте 22-орынды иеленуіне мүмкіндік берді.

1

Додада боксшы Данияр Елеусінов, жүзу­ден Дмитрий Баландин (суретте) және ауыр атлет Нижат Рахимов Олим­пиа­да чемпионы атанды.

 1

Рио-2016

Аты-жөні

Спорт түрі

Медаль

1

Данияр Елеусінов

Бокс

Алтын

2

Дмитрий Баландин

Жүзу

Алтын

3

Нижат Рахимов

Ауыр атлетика

Алтын

4

Әділбек Ниязымбетов

Бокс

Күміс

5

Василий Левит

Бокс

Күміс

6

Елдос Сметов

Дзюдо

Күміс

7

Гузель Манюрова

Әйелдер күресі

Күміс

8

Жазира Жаппарқұл

Ауыр атлетика

Күміс

9

Иван Дычко

Бокс

Қола

10

Дариға Шәкімова

Бокс

Қола

11

Отгонцэцэг Галбадрах

Дзюдо

Қола

12

Эльмира Сыздықова

Әйелдер күресі

Қола

13

Екатерина Ларионова

Әйелдер күресі

Қола

14

Ольга Рыпакова

Жеңіл атлетика

Қола

15

Александр Зайчиков

Ауыр атлетика

Қола

16

Фархад Харки

Ауыр  атлетика

Қола

17

Карина Горичева

Ауыр атлетика

Қола

18

Денис Уланов

Ауыр атлетика

Қола

 

 

P.S. Иә, жоғарыдағы жеңіс жылнама­сы спортшыларымызға оңай келген жоқ. Бұл, әрине, тынымсыз еңбек, төккен тердің өтемі. Мұның барлығы – тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер. Тәуел­сіз­діктің арқасында жүзеге асқан жетістік.

 

Соңғы жаңалықтар

Есентай өзені суала бастады

Экология • Бүгін, 00:11

«Сары» түтіннің салдары

Экология • Бүгін, 00:04

Эйнштейнмен ерегісу

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар