«Қашықтан өзара әрекеттесуге негізделген ірі бизнестің көлденең мониторингі бойынша пилоттық жоба басталды. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтар біріктірілді. Көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталды. Жеке тұлғалардың меншігіне салық төлеу ыңғайлы болу үшін «E-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы іске қосылды. POS-терминал мен онлайн-бақылау кассалық машинасын қолданатын жеке кәсіпкерлердің салық есептілігін ұсынудан босату бөлігінде «E-Salyq-business» қосымшасы әзірленуде», деді Ерұлан Жамаубаев.
Тұтастай алғанда министр жеке кәсіпкерлерді тіркеу мен жабуды оңайлату, салық есептілігін тапсыруды, банк комиссиясын және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеуді алып тастау көзделіп отырғанын айтты.