Қазақстан • 02 Ақпан, 2021

15 ақпанға дейін Ұлттық жобалардың әдістемесі әзірленеді

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2021 жылдың 15 ақпанына дейін Ұлттық жобалар әдістемесі әзірленеді. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

15 ақпанға дейін Ұлттық жобалардың әдістемесі әзірленеді

«Реформалар бойынша Жоғары кеңестің тапсырмаларын орындау мақсатында мынадай негізгі күндерді бекіту ұсынылады. 2021 жылғы 10 ақпанға дейін Үкімет бекіткен Жалпыұлттық басымдықтар, Ұлттық даму жоспары, Мемлекеттік басқару тұжырымдамасы туралы жарлықтар ҚР Президентінің қол қоюына енгізіледі Тұжырымдаманы іске асырудың толыққанды жоспарын 2021 жылғы 1 наурызға дейін бекіткен жөн», деді Қайрат Келімбетов бүгінгі Үкімет отырысында.

Агенттік басшысы 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұлттық жобалар тізбесін Президенттің Жарлығымен бекітуді, ал жаңа ұлттық жобаларды 2021 жылғы 15 сәуірге дейін әзірлеуді ұсынды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға көшуі тұрғысынан талдау жүргізу ұсынылды.

«Бұл ретте 15 ақпанға дейін Ұлттық жобалардың әдістемесі әзірленеді және 1 наурызға дейін түсіндіру семинарлары өтеді», деп қорытындылады Қайрат Келімбетов.