Облыс көлемінде өтіп жатқан “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасының 5 күнінде 2 512 қару иесі тексеріліп, 48 құқық бұзушылық анықталды.
Заңсыз айналымнан 16 дана қару тәркіленді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабына (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) сәйкес 16 азаматқа, 486-бабына (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) сәйкес 16 азаматқа қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Бұдан басқа 31 қаңтар күні Арал ауданы тұрғынының ауласындағы сарайынан ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ, екі ұңғылы, 12 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді.
Қазіргі таңда бұл азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.