20 Желтоқсан, 2013

Мектебімді мақтан етемін

615 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мен Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан Юрий Гагарин атындағы орта мектебінде оқимын.

Жаңадан салынған осы мектебі­мізде оқушыларды оқытуға толық мүмкіндік бар. Ол 700 орынға негіз­дел­ген, 4 компьютерлік, интернетке қосылған кабинеттер жұмыс істейді. Білім беру үдерісі сабақтың жаңа түрлері мен әдістерін меңгеруге, оқушылардың білімін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Мектебіміз облыс бойынша алдыңғы орында тұрған мектеп. Оған дәлел, ағым­дағы оқу жылында халықаралық, рес­публикалық олимпиадалар мен ғылы­ми жарыстарға мектебімізден 24 оқушы қатысып, 38 медальға ие болды.

Білімнің дамуы – бұл қоғамның алға жылжуы, адамзат өркениетінің өнегелі өлшемі. Сондықтан ХХІ ғасырда кез келген елдің көзіне қарақ, көкірегіне шырақ болатын да, қор­жынын қампайтып, қалтасын томпайтатын да – білім. Ал білімнің қайнар көзі – мектеп.

Міне, біздің Юрий Гагарин мектебі соңғы жылдардың өзінде ауыз толтырып айтатын жетістіктері, мақтан тұтатын оқушылары, бетке ұстар ұстаздары бар іргелі мектеп болып қалыптасып отыр.

Әрине, осының барлығы ұстаздар еңбегінің арқасы. Мектепте 43 ұстаз оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде. Оларды бір мақсат жолында жұдырықтай жұмылдыра білген мектеп директоры Салтанат Рахметханқызы Жігітекованың ұйымдастырушылық қыры жеке бір әңгіме.

Сонымен қатар, ұстазымыз Діл­дайым Әлімжанқызы Танаеваның еңбегін ерекше атап өтер едім. Себебі, ол кісі өте еңбекқор, жаны жайсаң, өмірін оқушылары үшін сарп еткен жан. Өзім осы мақалам арқылы мектебіміздегі барша ұстаздарыма және бізге жаңа мектеп салып беріп, білім алуымызға жағдай туғызып отырған мемлекет басшылығына алғысымды білдіргім келеді.

Ақгүл АЙДАРБЕКОВА,

Юрий Гагарин атындағы орта мектептің

10-сынып оқушысы.

Жамбыл облысы,

Жамбыл ауданы,

Аса ауылы.

Соңғы жаңалықтар