20 Желтоқсан, 2013

Ғаламтордағы кәсіпкерлік желісі

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті бизнесті дамыту жөніндегі «Кәсіпкерлер желісі» атты жобаны жүзеге асыруда. Жастарды интернет қорының көмегімен кәсіпкерлік негіздеріне үйретуге бағытталған бұл жобаның іс-шараларын ұйымдасты­румен ««Самұрық» даму орталығы» қоғамдық жастар қоры айналысады.

Негізгі мақсат – жастар арасында кәсіпкерлік ұстанымдарын насихаттау, дәріптеу. Мамандандырылған интернет қорының көмегімен мыңнан астам адам кәсіпкерлік туралы сапалы ақпаратты тұрақты түрде алмақ. Бұл өз кезегінде, жұмыссыз жүрген жастардың санын азайтуға, олардың әлеуметтік мәртебесі мен сауаттылық деңгейін көтеруге және жастар мәселелеріне жергілікті атқару органдары мен бизнес-ұйымдардың назарын аударуға үлес қосады. Бұған қоса жоба жастарымыздың жат діни ағымдар мен қоғам негіздеріне нұқсан келтіретін бейресми топтарға енуі сынды келеңсіздіктердің алдын алуға көмектеседі.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар