Елорда • 03 Ақпан, 2021

Елордада 735 мың адамға екпе егіледі

130 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елордадағы эпидемиялық жағдай және COVID-19-ға қарсы вак­циналауға дайындық төңі­регінде Нұр-Сұлтан қала­сының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсетова мен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов кеңі­рек айтып берді.

Елордада 735 мың адамға екпе егіледі

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»

«Вакциналау 18-ден 64 жасқа дейін­гі адамдарға жасалады. Нұр-Сұлтан­да осы санатқа кіретін 735 мың адам бар. Вакциналау ерікті негіз­де әр аза­матқа тегін жасалады. Тұрақ­ты про­филактикалық егулерге және уақытша медициналық қарсы көрсе­ті­лімдері бар адамдарға КВИ-ға қар­сы екпе салынбайды. Сондай-ақ коро­на­вирустың ауыр жағдайы және симп­томсыз белгілері бар адамдар екпе алуға жатпайды. Жұқпалы ауруы бар науқаспен, оның ішінде КВИ-мен ауырған науқаспен байланыс­та болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін ғана вакциналанады. Екпе салу алдында COVID-19-ға қарсы антиденелердің бар-жоғын анықтау үшін скрининг жасалмайтынын атап өткім келеді», деді Т.Мұратов.

Сонымен қатар ол коронавирус инфек­ция­сының кез келген формасымен ауырған пациент емделіп шыққаннан кейін денсаулық жағдайына сәйкес кемінде 6 айдан кейін екпе алған дұрыс екенін атап өтті.

«Вакцинаны қабылдауға қарсы көрсеткіштер вакцинаның кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, ауыр аллергиялық реакциялардың бары, жүктілік және омыраумен емізу кезінде болмайды. Екпе балаларға және 65 жастан асқан адамдарға салынбайды. Өткен аптада ресейлік «Спутник V» вакциналары жеткізілді. Кеше басқар­ма қоймаларына алғашқы партиялар жеткізілді. Препарат екі компонентті, үш апта мерзімінде екі рет енгізіледі. Халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналауға дайындық кезінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына 22 мұздатқыш қондырғы сатып алынды (температура режімі минус 18 градустан кем емес). Жабдықтар 19 ақпанда күтілуде», деді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Айта кетер жайт, қалалық емханалар вакциналарды қоймадан екпе сал­ды­ратын белгіленген мекемелерге тасы­мал­дауға арналған 20 мұздатқыш және 82 жылу контейнерімен қамтамасыз етіл­ген. Бастапқы кезеңде вакциналау №2, №4, №6, №7, №9 қалалық емханалар­да жүргізіледі. Бірінші кезеңде (ақпан) тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері (жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел-жәрдем қызметкерлері, ал­ғашқы медициналық көмек көрсету ұйым­дары, көп салалы ауруханалардың қабыл­дау бөлімдері) вакциналанады. Одан әрі мұғалімдер, полиция қызметкерлері, және т.б. осылайша кезең-кезең бойынша барлық тұрғын қамтылады.

«Бүгінде алғашқы медициналық-са­ни­тар­лық көмек көрсету ұйымдарында ем-шара бөлмелері мен күту бөлмелері әзір­ленген, онда екпе алған адамдар вак­ци­налаудан кейін 30 минут ішінде физи­калық арақашықтық талаптарына сәйкес дәрігердің бақылауында болуы керек. Тұрғындардың иммундау және вакциналау туралы сұрақтарына жауап беру үшін сенім телефондары ұйым­дастырылған. Екпе салу бойынша па­циенттің бағыт-бағ­дары әзірленді. Бірін­ші кезеңде вак­ци­налауға жататын кон­т­ингенттің тізім­дері дайындалды (ауру­ханалардың меди­ци­на­лық қыз­мет­кер­лері, алғашқы меди­цина­лық-сани­тар­лық көмек көрсету және жедел жәр­дем қызметкерлері). Бұл – 6 300 адам, олар­дың арасында екпе салуға жат­пай­­тын жеке тұлғалар да болуы мүмкін (жүк­ті әйел­дер және т.б.). 150 меди­ци­на­лық қыз­меткер COVID-19-ға қарсы вак­­ци­на­лауға дайындық және жүргізу жұмыс­та­ры бойынша оқытылды», деді Т.Мұратов.

2021 жылдың қаңтар айының басынан бері елордада коронавирус инфекциясының 3 763 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

«Уақтылы қабылданған шектеу және карантиндік шаралар арқылы 30 қаң­тар­дан бастап COVID-19 инфекция­сы бойынша эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес қала «сары аймаққа» көшті. Алайда қалада барлық жастағы және контингенттегі тұрғындар арасында COVID-19 жағдайлары тір­келуде. 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ауру 1,5 есеге немесе 35 пайызға өсуі байқалады», деді ол.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер­дің айтуынша, бір тәулікте инфекцияның 61 жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде симптоммен – 44, симптомсыз – 17. 65 ошақ анықталды, 49-ы – үй, 16-сы – ұйым. Астаналықтар арасында ауырғандардың 24,5 пайызын 30-39 жастағы адамдар құрайды. 50 мен одан жоғары жастағы адамдар – 22,7 пайыз, 18-19 және 40-49 жастағы топтар бойынша – 16 пайыздан, балалар – 16,7 пайыз. 2020 жылдың 1 ақпанындағы деректерге сәйкес, мектеп оқушылары арасында 752 коронавирус жағдайы тіркелді. Оның ішінде 56-сы – кезекші сынып оқушылары, 596 жағдай қашықтан оқитын оқушылар арасында анықталды», деді С.Бейсенова.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер­дің айтуынша, оқу жылы басталған­нан бері елордада 76 мектеп карантинге жа­былған. Бүгінде коронавирустың оқу­шы­лар арасында шығуына байланысты 21 мектеп оқуды қашықтан өткізіп жатыр.

«Студенттер арасында коронавирус инфекциясының жалпы 145 жағдайы анықталды. Олардың 32-сі колледж, ал 113-і жоғары оқу орындарының студент­тері. Оффлайн форматта білім алушы­лардың арасында коронавирус анық­талғандары – 4 студент. Оның ішінде екі студент Қазақ Ұлттық өнер университеті мен Назарбаев Университетінде, ал тағы екі студент – Политехникалық және Көпбейінді колледждердің білім алушылары», деді ол.