Теннис • 03 Ақпан, 2021

Анталияда топ жарды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Түркияның Анталия қала­сында мәресіне жеткен «Челленджер» турнирінің жұптық бәсекесінде жеңім­паз атанды.

Анталияда топ жарды

Жерлесіміз аталған турнирде украиналық Денис Молчановпен жұп құрап, финалда осы жарыстың бірінші ракеткалары саналған венесуэлалық Луис Давид Мартинес пен испаниялық Давид Вега Эрнандес жұбымен бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен бәсекенің алғашқы партиясында Мар­тинес пен Эрнандес 6:3 есебімен басым түскенімен, екінші партияда қазақ-украин жұбы 6:4 нәтижесімен қарымта қай­тарды. Ал тай-брейкте Недовесов пен Мол­чановтың бағы жанып, 18:16 есебімен жеңісті жұлып алды.

Осылайша 33 жастағы А.Недовесов қазақстандық теннисшілер арасынан жаңа жылдағы алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Бұл – оның жұптық жарыс бойынша «Чел­ленджер» турнирлеріндегі 16-шы табысы. Айта кетейік, жарыстың жүлде қоры – 44 мың АҚШ долларын құрайды.