Кәсіпқой бокс • 03 Ақпан, 2021

Айдос рейтингті бастады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) былғары қолғап шеберлерінің қаңтар айына арналған рейтингін жария­лады. Жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшы Айдос Ербо­сынұлы бірінші орынға көтерілді.

Айдос рейтингті бастады

Өкінішке қарай, жуырда ғана бірінші ауыр салмақтағы WBA Regular белдігінен айырылып қалған отандасымыз Бейбіт Шүменов рейтингтен шығып қалды. Ал осы салмақта өнер көрсететін тағы бір қандасымыз Серік Мұсаділов 15-орынға көтерілді.

Екінші орта салмақта WBA International белбеуінің иегері Айдос Ербосынұлы өз сал­мақ дәрежесіндегі рейтингте бір саты жоға­ры­лап, бірінші орынға жайғасты. Қазіргі таңда бұл салмақтағы әлем чемпионы – кубалық Давид Моррел. Ал WBA суперчемпионы атағы мек­сикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі.