Ұлттық сараптама орталығының мамандары ресейлік «Чинкова» ЖК (Челябі облысы) ұсынған «Премиум» пісірілген шұжығынан патогенді стафилококк тапқан. Сондай-ақ Қостанай облысы бойынша ҰСО мамандары ресейлік өндіруші «Смирнов» ЖК (Челябі облысы) өнімдерінің «Котлетный» бройлер-балапандар етінен жасалған жартылай фабрикатынан ішек таяқшасы тобының бактериясын анықтады. Мұндай бактерия «Саран консерві зауыты» АҚ (Мордовия Республикасы, Ресей) өндіретін қойылтылған сүт сынамаларынан да табылды.
Үлгілерді қаңтарда халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі аясында Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сатып алды.
«Бұл зерттелген өнім Кеден одағының техникалық регламенттерінің («Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 021/2011, «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 034/2013, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 033/2013) талаптарына сәйкес келмейді. Қазір санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті денсаулыққа қауіпті өнімдерді алу және жою бойынша шараларды қабылдауда.