Өңірлік көпшілік талқылау Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының белсенді азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен жүргізілді.
Талқылау барысында қатысушылар өз ұсыныстарымен бөліскен болатын. Атап айтқанда, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева қоғамдық бақылау объектілері мен субъектілерінің қатарын кеңейтуді және де ұғымдық аппаратқа «Қоғамдық мүдде» ұғымының анықтамасын енгізуді ұсынды.
«Волонтерское движение Lider.kz» ҚҚ басшысы Баимова Олеся заңда қоғамдық бақылау субъектілері мен объектілерінің тізбесін кеңейтуді, сондай-ақ халықты БАҚ-та қандай да бір тексерудің қорытындылары туралы ғана емес, тексеру барысы туралы да хабардар ету қажеттігін мәлімдеді. Сондай-ақ, қоғамдық бақылауға арналған интернет-платформа құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
«Жас Атамекен» Жас кәсіпкерлер клубының президенті Кокжанова Зарина қоғамдық бақылаудың мақсаттары мен міндеттерін кеңейтуді ұсынды.
Жұмыс тобының мүшесі, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры Сергей Худяков заңның барлық баптарына жеке тоқталып, өз ұсыныстарын атап өтті. Негізінен, қоғамдық бақылау объектілеріне табиғи монополиялар субъектілерін қосу, сондай-ақ қоғамдық бақылаудың жаңа нысаны – әлеуметтік аудитті қосу және қоғамдық бақылау жүргізудегі субъектінің өз бастамасын қоғамдық бақылаудың жүзеге асыру негіздеріне енгізу қажет екенін хабарлады.
Жұмыс тобының мүшесі, «The Last Hope» Үкіметтік емес ұйымы» ҚБ басшысы Руслан Асаубаевтың пікірінше, қоғамдық бақылау объектілерінің қатарына бюджет қаражаты есебінен жұмыстарды, қызметтер мен тауарларды ұсынатын мемлекеттік сатып алуға қатысатын барлық заңды тұлғаларды қосу қажет.
Сонымен қатар, кездесу барысында қоғам өкілдері Каржасова Сара, Мұсабаева Гүлбахша, Алтынбаева Кенжегүл, Коваль Андрей, Джаменков Нұрлан, Петрова Людмила, Утебаева Динара және Какенов Абылайхан өз ұсыныстарымен бөлісті.
Заң жобасын талқылау бойынша келесі өңірлік отырысты Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының қоғам өкілдерімен өткізу жоспарлануда.
2021 жылдың 2 ақпан күні Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі Гүлбара Султанованың модераторлығымен қоғамдық бақылау туралы заң жобасының моделін қарастыру бойынша Жұмыс тобының өңірлік көпшілік талқылауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Азия Чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов қоржынға күміс жүлде салды
Бокс • Бүгін, 15:05
Махмұд Сабырхан алғашқы алтынды еншіледі
Бокс • Бүгін, 14:53
Оқиға • Бүгін, 14:40
Президент ӨСАБ ұйымының басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:39
Құрылыс – ел экономикасы өсімінің басты драйвері - депутат
Парламент • Бүгін, 13:37
«Жастар» Сарайының 50 жылдығы тойланады
Аңдатпа • Бүгін, 12:46