Қоғам • 03 Ақпан, 2021

Қазақстанда төтенше жағдайлардың дені адам кінәсінен болады – Юрий Ильин

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда төтенше жағдайдың басым бөлігі адам кінәсінен орын алады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда төтенше жағдайлардың дені адам кінәсінен болады – Юрий Ильин

«Төтеше жағдайдың басым бөлігі мол жауын-шашын түсуіне, қардың жылдам еруіне байланысты кейбір табиғи құбылыстарды қоспағанда, негізінен адамның кінәсінен орын алады. Адами фактор басым. Яғни, гидротехникалық құрылыстарды, арналарды дұрыс пайдаланбау, олардың жұмысқа қабілетті екендігін дер уақытында тексермеу, салдарын жою үшін нақты шаралар қабылдамау. Жалпы, Қазақстанда шамамен 6 мың гидротехникалық құрылыс бар. Қолданыстағы Су кодексіне сәйкес оларға пайдаланушы ұйымдар жауап береді», деді министр.

Оның атап өтуінше, аталған нысанның 5 мыңнан астамы мемлекеттік меншікте болса, шамамен 900 нысан жергілікті атқарушы органдардың, ал шамамен 250 нысан жеке меншік қарамағында.

«Заңнама мемлекеттік болса да, жеке құрылымда болса да мұндай гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне, дұрыс пайдаланылуына және апаттық жағдайларға жол бермеу шараларын қабылдауына мониторинг жүргізуді міндеттейді», деді Юрий Ильин.