Қазақстан • 03 Ақпан, 2021

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің күндері» басталды

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның аймақтарында өтетін «Министрлік күндері» басталды. Іс-шаралар стратегиялық сессия форматындағы онлайн түрде өткізілуде. Ақмола облысында «Министрлік күнін» Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов ашып, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлiмовамен бейнеконференция форматында кездесу өткізді.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің күндері» басталды

Кездесуге қатысушылар күннің бағдарламасын талқылады, оған сәйкес азаматтық қоғам, дін, этносаралық келісім, жастар, отбасы және БАҚ салаларында 14 кездесу мен семинарлар өткізуді жоспарланған.

«Аталған іс-шараның негізгі міндеті министрлік жетекшілік ететін өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылау және түсіндіру, мемлекеттік органдар мен өңір жұртшылығы өкілдерінің сындарлы диалогын құру, сондай-ақ сіздің қойылған сұрақтарға жауап беру болып табылады», деді өз сөзінде вице-министр Марат Әзілханов.

Ол шараларға қатысушыларды сындарлы диалог құру мақсатында сессия қорытындылары бойынша министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша жүргізілетін шараларды жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын беру мүмкіндігін қолдануды сұрады.

Сонымен бірге, Айна Мысырәлiмова мұндай кездесулер бүгінгі жағдайда әдетке айналған онлайн форматқа қарамастан, пікір алмасуға және проблемалық мәселелерді шешуге бірегей мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бірқатар жаңа заңдардың қабылдануы мен қолданыстағы заңнамаға енгізілген түзетулерді ескере отырып, біз практикада дін, жастар және отбасылық саясатта, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық сұрақтары, этносаралық қатынастар, мемлекеттік медиа саясат және басқаларды талқылау уақытылы деп санаймын», деді А. Мысырәлiмова.

Іс-шараларға мемлекеттік қызметшілер, аймақтық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, Ақмола облысының бұқаралық ақпарат құралдарының және министрлікке бағынысты ұйымдарының өкілдері ретінде 500-ге жуық адам қатысады.

Стратегиялық сессиялар мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының дамуына, Мемлекет басшысының Жолдауында жарияланған шешімдерге қоғамдық мониторинг пен орындалуына бақылау жүргізуге бағытталған. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты және коронавирустың таралуына жол бермеу үшін барлық іс-шаралар онлайн режимінде өткізіледі.